Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
1-бап. “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №7, 78-құжат; 1999 ж., №4, 100-құжат; №10, 342-құжат; 2006 ж., №23, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-баптың 2-тармағында: “Парламенттің” деген сөзден кейін “және Парламент Мәжілісінің” деген сөздермен толықтырылсын; “реттер мен тәртіп бойынша” деген сөздер “тәртіппен” деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 4-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: “2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады. 3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. 4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.”; 5-тармақтың екінші сөйлемі “сессиясын” деген сөзден кейін “, әдетте,” деген сөзбен толықтырылсын; 6-тармақта: бірінші сөйлемдегі “Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын” деген сөздер “Парламенттің кезектен тыс сессиясын” деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|