Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1999.06.05. № 377-1 ҚР Конституциялық Заңымен тақырыбы мен кіріспе жаңа редакцияда
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi. Жалпы ережелер 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Республика Парламентiнiң мәртебесi Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
1999.06.05. № 377-1 ҚР Конституциялық Заңымен; 2007.19.06 № 266-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-бап өзгертілді 2-бап. Республика Парламентiнiң өкiлеттiк мерзiмi 1. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Mәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлігі Mәжіліс сайланымының кезектілігімен айқындалады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. 2. Парламенттiң және Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
1999.06.05. № 377-1 ҚР Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Республика Парламентi қызметiнiң құқықтық негiздерi Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актілерімен белгiленедi.
1999.06.05. № 377-1 ҚР Конституциялық Заңымен; 2007.19.06 № 266-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара ) 4-бап өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|