|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 3 желтоқсандағы № 190-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 1-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің, мәслихаттардың депутаттарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және оны өткiзу кезінде, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.»; 2) 3-бапта: 1-тармақтағы «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін» деген сөздер «аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі осы Конституциялық заңның мәтіні бойынша - әкімдерді)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді.»; 3) 4-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Президент, Парламент, мәслихат депутаты, әкім немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.»; 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша» деген сөздер алып тасталсын және «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздер «әкім болуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 5-баптың 1-тармағындағы «партиялық тізімдер бойынша сайланатын» деген сөздер алып тасталсын және «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін» деген сөздер «әкімдерді» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 6-баптағы «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін» деген сөздер «әкімдерді» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 8-баптағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың 7) тармақшасы 2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді 7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Сайлау жүйелері 1. Президентті, Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезінде мынадай: дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) дауысының елу пайызынан астамын жинаған; қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. 2. Парламент Мәжілісінің депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі басқа кандидаттарға қарағанда оның кандидатурасын жақтап дауыс берсе, кандидат сайланды деп есептеледі. 3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша - депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша екінші жартысы сайланады. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі басқа кандидаттарға қарағанда оның кандидатурасын жақтап дауыс берсе, кандидат сайланды деп есептеледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттары мандаттарының саны тақ болған жағдайда, жартысынан асатын мандат бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланады. 4. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. 5. Әкімді сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. 6. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі дауыс берген кандидаттар сайланды деп есептеледі.»; 8) 10-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) округтік сайлау комиссиялары;»; 3-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларын - Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссиялары құрылмайды, олардың өкілеттіктерін аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.»; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.»; мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын: «Аумақтық сайлау комиссияларының мәслихаттар сайлайтын мүшелері Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.»; 9) 11-баптың 4-1-тармағындағы «сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету» деген сөздер «материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды үйрету» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 12-бапта: мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметтерді жариялайды;»; 5) тармақша «сайлау жөніндегі» деген сөздерден кейін «, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақшада: «Президентті және» деген сөздерден кейін «партиялық тізімдер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; «Парламент Сенатының,» деген сөздер «Парламент Сенатының депутаттарын, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын,» деген сөздермен ауыстырылсын; «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін», «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне» деген сөздер тиісінше «әкімді», «әкім болуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшадағы «шығарады» деген сөз «жариялайды» деген сөзбен ауыстырылсын; 15) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 16) тармақша «әкімшілік-аумақтық» деген сөздердің алдынан «жаңа сайланымды қалыптастыру кезінде» деген сөздермен толықтырылсын; 16-6) тармақшадағы «бұқаралық ақпарат құралдары арқылы» деген сөздер алып тасталсын және «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің» деген сөздер «әкімнің» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16-10), 16-11), 16-12) және 16-13) тармақшалармен толықтырылсын: 1-тармақтың 10) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтары 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «16-10) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 16-11) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады; 16-12) сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 16-13) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»; 11) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы және 4-тармағындағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің», «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер тиісінше «әкімнің», «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 12) 14-бапта: 2) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын: «2-2) бастамашының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған депутаттарды кері шақырып алу жөніндегі өтінішін тіркейді; 2-3) шығып қалғандардың орнына сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды тағайындайды;»; 3) тармақша: «төмен тұрған аумақтық» деген сөздерден кейін «, округтік» деген сөзбен толықтырылсын; «ұсынады;» деген сөзден кейін «округтік және» деген сөздермен толықтырылсын; «бақылайды;» деген сөзден кейін «округтік және» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) округтік сайлау комиссияларынан тиісті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттамалар алады және округтік сайлау комиссияларының тіркелген кандидаттардың тізімдерін жариялауын қамтамасыз етеді;»; 6) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) партиялық тізімдер бойынша мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің мәтінін белгілейді және мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің дайындалуын, сондай-ақ сайлау бюллетеньдерінің округтік, учаскелік сайлау комиссияларына жеткізілуін қамтамасыз етеді;»; 8) тармақша «партиялардың» деген сөзден кейін «және кандидаттардың» деген сөздермен толықтырылсын; 8-1) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін», «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне» деген сөздер тиісінше «әкімдерді», «әкім болуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) тармақшада: «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; «Сенаттың» деген сөз «Парламент Сенатының және мәслихаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын: 1-тармақтың 12) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «11-2) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады; 11-3) егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін жүзеге асырады;»; 13) мынадай мазмұндағы 15-1 және 16-1-баптармен толықтырылсын: «15-1-бап. Округтік сайлау комиссиялары 1. Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. 2. Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады. 3. Округтік сайлау комиссияларының құрамы осы Конституциялық заңның 13-2-тарауына сәйкес кері шақырып алу рәсіміне бастама жасалған жағдайда, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін не дауыс беру тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»; «16-1-бап. Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері Округтік сайлау комиссиясы: 1) тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды өткізуді ұйымдастырады; 3) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын қайта сайлауды және шығып қалғандардың орнына сайлауды өткізеді; 4) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін белгілейді; 5) учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; 6) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; 7) сайлау округінің аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайлауға дайындыққа және оны өткізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға құқылы; 8) учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар алады; 9) жоғары тұрған сайлау комиссиясына сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді; 10) осы Конституциялық заңның 13-2-тарауына сәйкес кері шақырып алу рәсіміне бастама жасалған жағдайда дауыс берудің өткізілуін ұйымдастырады; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 14) 17-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың 14) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «он бір» деген сөздер «тоғыз» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 15) 18-баптың 1) тармақшасындағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 16) 19-бапта: 2-1-тармақ үшінші абзацындағы «адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.» деген сөздер «адам;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары, хатшылары, мүшелері, сондай-ақ өзге де аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес белгіленеді. Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға құқылы емес.»; 8-тармақтағы «шығып қалған комиссия мүшесінің орнына» деген сөздер «, қажет болған жағдайда,» деген сөздермен ауыстырылып, «сайлағанға дейін» сөздерден кейін «бос орынға» деген сөздермен толықтырылсын; 17) 20-бапта: 2-тармақ 3) тармақшасындағы «отырыстарын тиісті», «кешіктірмей шақырады.» деген сөздер тиісінше «отырыстарын - тиісті», «кешіктірмей;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) округтік сайлау комиссияларының отырыстарын аумағында сайлау округі орналасқан аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары олардың құрамы қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей шақырады.»; 8-тармақта: «бір-бір өкілден» деген сөздерден кейін «, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 17) тармақшасының алтыншы абзацы 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан» деген сөздер «аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың бірінші бөлігі «Аумақтық,» деген сөзден кейін «округтік,» деген сөзбен толықтырылсын; 12-тармақтың бірінші бөлігінде: 1) тармақшадағы «аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері» деген сөздер «әкімдер» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздер «әкім болуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 18) тармақшасы 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 18) 20-1-бапта: тақырып «өзге де» деген сөздерден кейін «аккредиттелген» деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушылар ретінде жіберіледі. Байқаушының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Егер осы Конституциялық заңда өзгеше белгіленбесе, аккредиттеудің қолданылу мерзімі бір жыл болады. Қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуді алу үшін тиісті сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды жіберуге тиіс: 1) Орталық сайлау комиссиясы белгілеген нысан бойынша өтініш; 2) сайлауға байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме. Аккредиттеуге өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды. Аккредиттеуден бас тартуға немесе аккредиттеудің күшін жоюға мыналар негіз болып табылады: 1) құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы; 2) жарғының осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі; 3) қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйым қызметінің тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы. Сайлау комиссияларының сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан аккредиттеуден бас тарту немесе аккредиттеудің күшін жою үшін негіздердің бар-жоғын анықтауға қажетті ақпарат сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде беріледі.»; 2-тармақтың бірінші абзацы «өзге де» деген сөздерден кейін «аккредиттелген» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақта: бірінші абзац «өзге де» деген сөздерден кейін «аккредиттелген» деген сөзбен толықтырылсын; 7) тармақшадағы «бермеуге міндетті.» деген сөздер «бермеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.»; 4-тармақ «өзге де» деген сөздерден кейін «аккредиттелген» деген сөзбен толықтырылсын; 19) 21-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтері жүйесі құрылады және пайдаланылады. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.»; «4. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді сайлау кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аумақтық сайлау округі құрылады. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері өңірлердің әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.»; 20) 22-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін Орталық сайлау комиссиясы құрады. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау бойынша сайлау округтерін аумақтық сайлау комиссиялары құрады.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Сайлау округінің шекараларын және округтік сайлау комиссияларының тұрған жерлерін айқындауды тиісті сайлау комиссиясы жүзеге асырады. Тиісті сайлау комиссиялары сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей, шекаралары және округтік сайлау комиссияларының тұрған жері көрсетілген сайлау округтерінің тізімін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»; 21) 24-бапта: 1-тармақтағы «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздер «әкімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын; 22) 26-1-баптың 1-тармағындағы «аумақтық комиссияға» деген сөздер «аумақтық және округтік комиссияларға» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 27-бапта: 3-тармақ 3) тармақшасындағы «жолымен жүзеге асырылады.» деген сөздер «жолымен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) онлайн-платформалар арқылы жүзеге асырылады.»; 1-тармақтың 23) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуына тыйым салынады.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; аталған тұлғаларға өздерінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруге міндетті.»; 24) 28-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер алып тасталсын; 3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Кандидаттарға қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |