Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2007 ж. 19 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара I Тарау. Жалпы ережелер (1-8 баптар) II Тарау. Республика Үкіметінің құзыреті, актілері, (9-11 баптар) есептілігі және жауапкершілігі III Тарау. Республика Үкіметінің мемлекеттік (12-17 баптар) органдармен қарым-қатынасы IV Тарау. Республика Үкіметінің Қызметін ұйымдастыру (18-27 баптар) ҚР 06.05.99 ж. № 379-1 Конституциялық Заңымен тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртібін белгiлейдi. 1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәртебесi Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Республика Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актілерінiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылуы, құрылымы және құрамы 1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. 2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi. 3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. 4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен жаңа 3-1-баппен толықтырылды 3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшесiнiң ант беруi 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi: "Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен білімiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.". 2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Республика Үкіметінiң өкiлеттiк мерзiмi 1. Республика Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкіметінiң жаңа құрамы бекітілгенге дейiн Республика Үкіметі өз мiндеттерiн атқара бередi. 2. Республиканың жаңадан сайланған Президентінің алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi. Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Республика Үкіметінiң орнынан түсуi 1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi. 2. Конституцияның 53-бабының 7)-тармақшасында және 61-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Парламент үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды. 3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 4. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Республика Президентінің бастамасымен Республика Үкіметінiң өкiлеттiгiн тоқтату 1. Республика Президентi өз бастамасымен үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы. 2. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Республика үкіметі қызметiнiң бағдарламасы 1. Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi. 2. Үкiмет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi. Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылуы мүмкiн және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді. Мұндай көпшiлiк дауыстың болмауы Үкiмет Бағдарламасының мақұлданғанын бiлдiредi. 8-бап. Республика Үкіметінiң құрамында болуға байланысты шектеулер Республика Үкіметі мүшелерiнiң: 1) өкiлдi органның депутаттары болуға; 2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға; 3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға; 4) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге хақы жоқ. II Тарау. Республика Үкіметінің құзыреті, актілері, есептілігі және жауапкершілігі ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Республика Үкіметінiң құзыретi Республика Үкіметі: 1) мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi; 2) мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi; 3) әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады; 4) Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi; 5) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөніндегі шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етедi; 6) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады; 7) мемлекеттік баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi; 8) мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi; 9) еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi; 10) мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi; 11) ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгізудiң, мәдениеттi, білімдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады; 12) табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады; 13) құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады; 14) келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келісімдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 16) Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады; 18) өзiне Конституция, заңдар және Президент актілері жүктеген өзге де функцияларды орындайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Республика Үкіметінiң актілері 1. Республика Үкіметі Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актілерінiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. 2. Үкiмет қаулыларына Республика Премьер-Министрi қол қояды. 3. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады. 4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. 5. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрінің өкiмдерi Республика Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады. 6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкіметі жоя алады. 7. Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкіметі және Премьер-Министрi жоя алады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Республика Үкіметінiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгi 1. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. 2. Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Республика Премьер-Министрінің алдында өздерiне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi. 3. Республика Конституциясының 53-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет Республика Парламентiне есеп бередi. 4. Республика Конституциясының 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент Палаталарына есеп бередi. III Тарау. Республика Үкіметінің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметі: 1) Республика Президентiн Үкiмет бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады; 2) Республика Президентi актілерінiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады; 3) заң жобасын Парламент Мәжілісiне енгізу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды; 4) мемлекеттік бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады. 2. Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөніндегі жұмыстарының жоспарларын келiседi. 3. Республика Президентi толығымен немесе бiр бөлiгiнде Үкiмет актілерінiң күшiн жояды не тоқтата тұрады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметінiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжілісiнде жүзеге асырылады. Заң актiсiнiң жобасын енгізу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады. 1) Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды; 2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi; 3) мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi; 4) Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi. ҚР 24.02.97 ж. № 69-I; 06.05.99 ж. № 379-1; 24.11.04 ж. № 604-II (бұр. ред. қара) Конституциялық заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Республика Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн министрлiктермен, орталық атқарушы органдармен қарым-қатынасы Республика Үкіметі: 1) Республика Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн министрлiктердiң, және орталық атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкіметі актілерін орындауын қамтамасыз етеді; 2) министрлердiң және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекiтедi; 3) Республика Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ ведомстволар актілерінiң толығымен не бiр бөлiгiнде күшiн жояды немесе тоқтата тұрады; 4) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлердiң, орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, бұған Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары енбейдi; 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды атқарады. ҚР 06.05.99 ж. № 379-I; 24.11.04 ж. № 604-II (бұр. ред. қара) Конституциялық заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Ведомстволармен қарым-қатынасы Республика Үкіметі: 1) ведомстволар қызметiнiң аясын, өкiлеттiктерiн және жауапкершiлiгiн белгiлейтiн нормативтiк актiлер шығарады; 2) тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимиттерiн бекiтедi; 3) Үкiмет құрамына кiрмейтiн тиiстi министрлердiң, мемлекеттік комитеттер төрағаларының, орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды атқарады. 16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметі: 1) мемлекеттік басқару мәселелерi жөніндегі Республика атқарушы органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын бақылайды; 2) жергiлiктi атқарушы органдар актілерінiң күшiн толығымен немесе бiр бөлiгiнде жояды не тоқтата тұрады, оларды жою не тоқтата тұру туралы Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгiзедi; 2. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарды басқаратын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi Республика Президентi мен Үкіметінiң өкiлдерi болып табылады және Республика Үкіметіне мемлекеттік басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 17-бап. Республика Үкіметінiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы Республика Үкіметі заңдарда белгiленген тәртiппен өзге де, соның iшiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi. IV Тарау. Республика Үкіметінің Қызметін ұйымдастыру 18-бап. Республика Үкіметінiң отырыстары 1. Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады. 2. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады. 3. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi. 4. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. 5. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн. 6. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткізу тәртібі Үкiмет Регламентiмен белгiленедi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 19-бап өзгертілді 19-бап. Республика Премьер-Министрi 1. Республика Премьер-Министрi: 1) Үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi; 2) Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады; 3) халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды; 4) Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының әкімі қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi; 5) Республиканың мемлекеттік бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады; 6) Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады; 7) Үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады; ҚР 24.11.04 ж. № 604-II Конституциялық заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақша өзгертілді 8) Үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды. 2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 20-бап жаңа редакцияда 20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкіметінiң өзге де мүшелерi 1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады. 2. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкiмет мүшелерi: 1) тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; 2) өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербес болады; 3) Республика Премьер-Министрінің алдында өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн дербес жауап бередi; 4) тиiстi мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) iстiң жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметі актілерінiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн жауап бередi; 5) өздерi басқаратын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымын және штат санын осы органдардың Республика Үкіметі бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде белгiлейдi. 3. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылмайтын Үкiмет мүшелерi өз қызметiн олар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ережелерге сәйкес жүзеге асырады. 21-бап. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 21-бап ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 22-бап өзгертілді 22-бап. Республика министрлігі 1. Министрлiк тиiстi мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 2-1. Министрлiк Республика Yкіметінiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi. 2-2. Министрлiктiң құрылымын тиiстi министр бекiтедi. Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi ведомостволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады. 3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттік комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi. 4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 23-бап жаңа редакцияда 23-бап. Үкiмет құрамына енбейтiн орталық атқарушы орган 1. Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын Қазақстан Республикасының агенттiгi ?кіметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Агенттiк тиiстi мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. 3. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы - төраға бекiтедi және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. 4. Агенттiк төрағасының жанынан алқа құрылады, ол консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сан және адам құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. 5. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң актілері болып табылады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 24-бап жаңа редакцияда 24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы 1. Республиканың орталық атқарушы органының комитетi ведомство болып табылады. Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi болуы мүмкiн. 2. Ведомствоны тиiстi орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 3. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың iшкi саласын (аясын) салааралық үйлестiрудi не оған басшылықты жүзеге асырады. 4. Ведомство шығаратын актiнiң нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. 5. Ведомствоның құрылымын, құзыретiн және басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылының тәртібін Үкiмет белгiлейдi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 25-бап жаңа редакцияда 25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету 1. Республика Премьер-Министрi мен Yкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрінің Кеңсесi жүзеге асырады. 2. Премьер-Министрдің Кеңсесін құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды қызметке тағайындау мен қызметтен босатудың тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді. 26-бап. Республика Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар 1. Республика Үкіметі жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады. 2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады. 3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 27-бап өзгертілді 27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртібі Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. |