АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық әрі дәрілік көмек көрсету ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығымен күші жойылды
«АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған АИТВ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық және дәрілік көмек көрсету ережесі бекітілсін. 2. Облыстардың және Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің (басқармаларының), республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу - алдын алу ісі департаменті (Ж.Қ. Исмаилов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті(Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 16 мамырдағы № 314 бұйрығымен Бекітілген
АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық әрі дәрілік көмек көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық әрі дәрілік көмек көрсету ережесі «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|