Қазақстан Республикасының (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-ІV ҚР Заңымен күші жойылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуінің және таратылуының тәртібі мен шарттарын айқындайды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы; 2) арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі - арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс істейтін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі; 3) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және қызмет жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлға; 4) инфрақұрылымдық ресурстар - арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтауға, кәріздер жүргізуге, көлік коммуникацияларына, байланыс қызметін көрсетуге және қызмет көрсетудің өзге де түрлеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ғимараттар кешені; 5) қызметтің басым түрлері - арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері; 6) қызметті жүргізу туралы келісім - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мен арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арасында жасалатын, тараптардың арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру мәселелері жөніндегі құқықтары мен міндеттерін белгілейтін шарт; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|