|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 4-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың мемлекеттік жүйесі 6-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыреті 7-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты субъектілердің құқықтары мен міндеттері 8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 2-тарау. Машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігінің талаптары 9-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар 10-бап. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары 11-бап. Машиналар мен жабдықтар өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптары 12-бап. Машиналар мен жабдықтарды тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары 3-тарау. Сәйкестікті растау рәсімдері 17-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер 4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 18-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық 20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң машиналар мен жабдықтарға, олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді және адам өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға кепілдік беру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) дайындалған күн - машинаналар мен жабдықтардың өндіріс процесі аяқталған күн; 2) жабдықтар - машинаға орнатылатын және машиналардың негізгі және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшін, сондай-ақ оларды біртұтас кешенге біріктіру үшін қажетті техникалық құрылғы; 3) жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, машиналар мен жабдықтардың адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік деңгейінен асатын қатер; 4) жол берілетін қатер деңгейі - машиналар мен жабдықтардың техникалық регламенттерде және жобалау құжаттамасында белгіленген қауіпсіздік деңгейі; 5) қауіпті аймақ - адам өмірі мен денсаулығына зақым келтіретін қатері бар, машина ішіндегі немесе оның айналасындағы аймақ; 6) қауіпті машиналар мен жабдықтар - адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіп төндіретін және осы Заң мен техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес деп танылған машиналар мен жабдықтар; 7) машина - ең болмаса біреуі қозғала алатын өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұратын, энергияны, материалдарды және ақпаратты өзгертуге арналған техникалық құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы; 8) машиналардың және (немесе) жабдықтардың жобалаушысы (бұдан әрі - жобалаушы) машиналарды және (немесе) жабдықтарды пайдалану жөнінде жобалау құжаттамасы мен нұсқаулық әзірлейтін жеке немесе заңды тұлға; 9) машиналар мен жабдықтардың өмірлік циклы - жобалау, өндіріс, пайдалану, (соның ішінде жөндеу, техникалық және сервистік қызмет көрсету), сақтау, тасымалдау, өткізу жою және кәдеге жарату процестері; 10) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі - адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуіне байланысты жол беруге болмайтын қатердің жоқтығы; 11) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты субъектілер - машиналар мен жабдықты жобалаушы, өндіруші, уәкілетті өкіл, импорттаушы, персонал (операторлар), пайдаланушы; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау - нәтижесі машиналардың және (немесе) жабдықтардың техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда немесе шарттардың талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) құжатпен куәландыру болып табылатын рәсім; 13) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігі туралы декларация - айналысқа шығарылатын машиналардың және (немесе) жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкестігін өндіруші куәландыратын құжат; 14) өндіруші - машинаналарды және (немесе) жабдықтарды жасайтын жеке немесе заңды тұлға; 15) пайдаланушы - машиналарды және (немесе) жабдықтарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 16) персонал (операторлар) - машиналар мен жабдықтарды іске қосумен, пайдаланумен, ретке келтірумен, ағымдық қызмет көрсетумен, тазартумен, жөндеумен, сақтаумен немесе тасымалдаумен айналысатын адамдар; 17) сәйкестік белгісі - машиналардың және (немесе) жабдықтардың сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар ету үшін пайдаланылатын белгі; 18) уәкілетті орган - салалық бағыттылығына сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде басшылық жасауды және машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 19) уәкілетті өкіл - өндірушінің атынан сауда жүргізуге (жүзеге асыруға) рұқсат ететін, одан алған жазбаша өкілеттіктері бар жеке немесе заңды тұлға; 20) шекті жай-күй - машиналар мен жабдықтардың одан әрі пайдаланылуы не жұмысқа жарамдылық жай-күйінің қалпына келтірілуі мүмкін емес немесе ұтымды болмайтын жай-күйі; 21) істен шығу - машиналар мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылық жай-күйінің бұзылуын білдіретін жағдай. 2. Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының осы бапта көрсетілмеген ұғымдары осы Заңның тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Қазақстан Республикасында жасалатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін машиналар мен жабдықтарға, сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне қолданылады. 2. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының өзге заңдарында талаптар белгіленген машиналар мен жабдықтарға қолданылмайды. 3. Осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтар жасау, өткізу, сақтау, тасымалдау, пайдалану (соның ішінде, жөндеу, техникалық және сервистік қызмет көрсету) процестеріне жіберілмейді. 4. Осы Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін, көрмелерде және демонстрацияларда көрсетуге арналған машиналар мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тыйым салынады. Мұндай демонстрациялар және көрмелер барысында адам өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті шаралар қабылдануға тиіс.
4-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың мемлекеттік жүйесі 1. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың біртұтас мемлекеттік жүйесін: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) индустрия саласындағы уәкілетті орган; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган; 4) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган; 5) энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті орган; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган құрайды. 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 7) тармақшаларында аталған уәкілетті органдар салалық бағытқа сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
5-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыреті Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыретіне: 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 2) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру; 4) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту немесе келісу; 6) осы Заңның және машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін машиналар мен жабдықтарды анықтау және оларды өткізуге жол бермеу жөнінде шаралар әзірлеу мақсатында тұтыну нарығы мониторингін жүзеге асыру; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) жергілікті атқарушы органдар оларды жасауды, өткізуді және айналысын тоқтата тұру туралы беретін нұсқаманы, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының нарығын қоспағанда, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін машиналар мен жабдықтарды жасауды, өткізуді және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама беру; 8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) ) 9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
7-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты субъектілердің құқықтары мен міндеттері 1. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты субъектілердің: 1) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы дәйекті ақпаратты уақтылы алуға; 2) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі туралы арызбен уәкілетті органдарға жүгінуге құқығы бар; 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтармен қатар өндіруші: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысуға; 2) Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының міндетті талаптарына сәйкес келетін ұйымдастыру стандарттарын әзірлеуге және бекітуге; 3) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламаларын әзірлеуге; 4) машиналар мен жабдықтардың сапасы мен қауіпсіздігі менеджментінің жүйесін енгізуге; 5) машиналарды және (немесе) жабдықтарды қалпына келтіруге (жөндеуге) немесе айтарлықтай өзгертуге (жаңғыртуға), таратуға құқылы. 3. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты субъектілер: 1) Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға; 2) машиналар мен жабдықтарға байланысты қатерлерді болғызбау немесе азайту мәселелері бойынша уәкілетті органдармен ынтымақтастық жасасуға міндетті. 4. Осы баптың 3-тармағында көзделген міндеттермен қатар өндіруші: 1) пайдаланушыларға, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға олардың талап етуі бойынша машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды беруге; 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) машиналар мен жабдықтарды «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін, пайдаланушының ықтимал тәуекелдерді бағалауы және оның тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін қажетті мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етуге; 3) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін оларды жобалау, жасау, сақтау және тасымалдау процестерінде, сондай-ақ өндіруші қатысатын жөндеу, техникалық және сервистік қызмет көрсету, жаңарту және тарату жағдайларында бақылауды қамтамасыз етуге; 4) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі туралы пайдаланушылардың шағымдарын тексеруді жүзеге асыруға; 5) егер де машиналар мен жабдықтардың қауіпті сипаттар алуына әкеп соққан бұзылушылықтарға жол берілген жағдайда, оларды шығару процестерін дереу тоқтатуға, олардың сатып алушылардан (пайдаланушылардан) кері қайтарып алынуын және сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге, содан кейін бұзушылықтарды жоюдың шараларын қолдануға немесе қажет десе оларды кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастыруға; 6) машиналар мен жабдықтардың қауіптілігін оларды өткізу, сақтау, жою және кәдеге жарату сатысында сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге; 7) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, пайдаланушының уақтылы және тиімді ескертілуін, сондай-ақ оларды кері қайтарып алуға дейін қажетті іс-шаралар қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. 5. Осы баптың 3-тармағында көзделген міндеттермен қатар уәкілетті өкіл: 1) пайдаланушыларға, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға олардың талап етуі бойынша машиналар мен жабдықтықтардың қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды беруге; 2) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі туралы пайдаланушылардың шағымдарын тексеруді жүзеге асыруға; 3) машиналар мен жабдықтарды өткізу, сақтау және тасымалдау процесінде олардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етуге; 4) машиналар мен жабдықтарды өткізу, сақтау, тасымалдау сатысында олардың қауіптілігін сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге; 5) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі анықталған және олар адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, пайдаланушының уақтылы және тиімді ескертілуін, сондай-ақ оларды кері қайтарып алуға дейін қажетті іс-шаралар қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. 6. Осы Заңның 3-тармағында көзделген міндеттермен қатар импорттаушы: 1) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі туралы пайдаланушылардың шағымдарын тексеруді жүзеге асыруға; 2) машиналар мен жабдықтарды өткізу, сақтау және тасымалдау процесінде олардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етуге; 3) машиналар мен жабдықтарды өткізу, сақтау, тасымалдау сатысында олардың қауіптілігін сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге; 4) машиналар мен жабдықтардың осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі анықталған және олар адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, пайдаланушының уақтылы және тиімді ескертілуін, сондай-ақ оларды кері қайтарып алуға дейін қажетті іс-шаралар қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. 7. Осы баптың 3-тармағында көзделген міндеттермен қатар персонал (операторлар): 1) айналысқа шығарылып, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жою және кәдеге жарату процесінде қауіпті сипаттар алуына әкеп соққан машиналар мен жабдықтарда осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны және өздері қолданған шаралар туралы уәкілетті органдарды дереу хабардар етуге; 2) машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жою және кәдеге жарату процесінде олардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. 8. Осы баптың 3-тармағында көзделген міндеттермен қатар пайдаланушы: 1) айналысқа шығарылған машиналар мен жабдықтардың оларды пайдалану, тасымалдау, сақтау, жою және кәдеге жарату процесінде қауіпті сипаттар алуына әкеп соққан, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар туралы және өздері қолданған шаралар туралы уәкілетті органдарды дереу хабардар етуге; 2) машиналар мен жабдықтарды өткізу, сақтау және тасымалдау процесінде олардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап жаңа редакцияда 8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 1. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігінің талаптары
9-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар 1. Осы Заңның күші қолданылатын машиналар мен жабдықтар осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген, адам өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес болуға тиіс. 2. Машиналар мен жабдықтарға бірнеше техникалық регламент күші қолданылатын жағдайларда, мұндай машиналар мен жабдықтар үшін өздеріне қатысты барлық техникалық регламенттің талаптары орындалуы қажет. 3. Машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі: 1) Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау; 2) машиналар мен жабдықтардың Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау; 3) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. 4. Машиналар мен жабдықтардың өмірлік циклінің барлық сатыларында осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздіктің барлық талаптарының орындалуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. 5. Егер машиналар мен жабдықтардың өмірлік циклінің әрбір сатысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар кешенін жүргізу қажет болса, онда олар жобалау құжаттамасының барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс. 6. Машиналар мен жабдықтардың өмірлік циклінің барлық сатыларында жобалау құжаттамасында көзделген машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану шарттарынан ауытқулар жол берілетін қатер деңгейінен аспауға тиіс. 7. Жаңғыртылған машиналар мен жабдықтарды, олардың Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын сараптаманың нәтижелері бойынша ғана, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын ала отырып, одан әрі өз мақсатында пайдалануға болады.
10-бап. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары 1. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезінде машинаның және (немесе) жабдықтың жобасының осы Заңның және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі қажет. 2. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезінде жобалаушы өмірлік циклінің барлық сатыларында, соның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (істен шығу және сыртқы әсерлер), персоналдың ықтимал қателері пайдалану кезіндегі болуы мүмкін барлық қауіптерді сәйкестендіруге тиіс. 3. Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлер есептік, эксперименттік, сарапшылық әдіспен бағалануға тиіс. 4. Машиналар мен жабдықтардың әрбір түрі үшін қатерге жүргізілген бағалау ескеріле отырып, жобалау кезінде машиналар мен жабдықтардың өмірлік циклінің барлық сатыларында қатерді жою немесе жол берілетін (жарамды) деңгейге дейін азайту (төмендету) үшін барлық шаралар кешені айқындалуға тиіс. 5. Қатерді жол берілетін деңгейден төмен азайту мүмкін болмаған ретте жобалаушы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта адманың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйесін көздеуге тиіс. 6. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезінде жобалау құжаттамасы әзірленуге және оның экологиялық сараптамасы жүргізілуге тиіс. Жобалау құжаттамасы жобаның техникалық сипатталымын, машиналар мен жабдықтардың, басқару тетіктерінің егжей-тегжейлі сызбаларын, машиналар мен жабдықтарды пайдалану сипаттамаларын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қамтиды.
11-бап. Машиналар мен жабдықтар өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптары 1. Өндіріс кезінде машиналар мен жабдықтарды дайындау процесінің жобалау құжаттамасы, осы Заң және техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі қажет. 2. Машиналар мен жабдықтар өндірісі кезінде өндіруші жобалау құжаттамасында айқындалған, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөнінде барлық шаралар кешенін орындауға міндетті. 3. Өндіріс кезінде қауіпсіздікке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. 4. Машиналар мен жабдықтардың өндірісі кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулық әзірленуге тиіс. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық: 1) монтаждау, жинау, жөнге келтіру немесе реттеу жөніндегі нұсқауларды; 2) пайдалану кезінде сақталуы қажет, машиналарды немесе жабдықтарды штаттық пайдалану жөніндегі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жөніндегі нұсқауларды (пайдалануға беруді, тікелей мақсаты бойынша пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеудің және техникалық куәландырудың барлық түрлерін, зиянды өндірістік факторлардың өршуін азайтуға және оқшаулауға бағытталған қорғану құралдарын, тасымалдауды және сақтау жағдайларын қоса алғанда); 3) қызмет ету мерзімінің тағайындалған көрсеткіштері және (немесе) тағайындалған ресурсты; 4) оқыс оқиғаға (апатқа) әкеп соғатын қауіпті істен шығудың, персоналдың (пайдаланушының) ықтимал қателерінің және аталған қателерді болдырмайтын іс-қимылдардың тізбесін; 5) шекті жай-күйінің критерийін; 6) тасымалдау, сақтау жөніндегі, пайдаланудан шығару, жою және кәдеге жарату жөніндегі нұсқауларды; 7) персоналға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс. 5. Барлық машиналар мен жабдықтарда мынадай ақпаратты қамтитын, анық әрі өшірілмейтін таңбалау болуға тиіс: 1) дайындаушының атауы және (немесе) оның тауарлық белгісі; 2) машинаның және (немесе) жабдықтың атауы, сериясының немесе типінің белгісі, нөмірі; 3) арналған мақсатының негізгі көрсеткіштері және қолданылу шарттары; 4) дайындалған күні. Таңбалаудың барлық белгілері пайдалану жөніндегі нұсқаулықта түсіндірілуге тиіс. 6. Егер техникалық регламенттерде қауіптер туралы қажетті ескерту жазбалары немесе белгілер көзделсе, машиналар мен жабдықтарда аталған жазбалар мен белгілер болуға тиіс. 7. Машиналар мен жабдықтар үшін қолданылатын материалдар мен заттар техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы4-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың мемлекеттік жүйесі5-бап. Алып тасталды6-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыреті7-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты субъектілердің құқықтары мен міндеттері8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 2-тарау. Машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігінің талаптары9-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар10-бап. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары11-бап. Машиналар мен жабдықтар өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптары12-бап. Машиналар мен жабдықтарды тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары13-бап. Машиналар мен жабдықтарды нарықта орналастыру және олардың айналысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары14-бап. Машиналар мен жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар15-бап. Машиналар мен жабдықтардың өндірісін, өткізілуін, нарықтағы айналысын тоқтатуға қойылатын талаптар 3-тарау. Сәйкестікті растау рәсімдері16-бап. Сәйкестікті растау17-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер 4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер |