Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және
Осы редакция 2007 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасындағы малдәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау; зертханалық-диагностикалық қызмет"; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ветеринариялық қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының не оның ветеринария саласындағы құрылымдық бөлiмшесi басшының арнайы ветеринариялық білімi және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиiс;"; мемлекеттік тiлдегi мәтiндегi жетiншi абзацтағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын: "өндiрiстiк үй-жайлардың, технологиялық жабдықтар жинағының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгi туралы ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарының ветеринариялық-санитариялық қорытындысының болуы"; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиаттар тiркеу сынақтарын өткізу үшiн қажеттi көлемдерде өндiру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік тiркеуден өткен және Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген ветеринариялық препараттарды пайдалануға мiндеттi."; 2) "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 11, 105-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген нарықтық қатынастар субъектiлерi заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған функциялардан басқа, ветеринария саласындағы жұмыстар және қызмет көрсетулер."; 6, 7, 8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|