|
|
|
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2011.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1714 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1714 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерлік қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 206-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1347 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 463-құжат). 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1714 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1714 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысымен бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптары: 1) заңды тұлғаның штатында (кемінде бір ветеринар дәрігер немесе фельдшер) «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімі бар мамандардың (бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегі, аты, әкесінің атын қамтитын жиынтық кесте); 2) жеке тұлғада «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімінің; 3) жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік үй-жайлардың (өндірістік үй-жайға құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу шартының салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмелері) болуын қамтиды. 2. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша: 1) ветеринариялық препараттарды өндіруді және бақылауды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттамалардың (ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі нұсқаулық, өндірушінің басшысымен бекітілген, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен тіркеуден өткізілген, өндірілетін немесе сатылатын ветеринариялық препараттарға арналған техникалық шарттар, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі басшылық, микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штаммаларының паспорты); 2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, өндірілетін ветеринариялық препараттардың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық препараттар өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы талап етеді. 3. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шиізаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау жөніндегі ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттардың (стандарттар, әдістемелік нұсқаулар), сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтарының болуы талап етіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |