|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №545 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге: 3-тармақтағы "немесе патентiнiң" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiгi комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтың төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.". 18-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын; 20-тармақта "лицензиар" деген сөз алынып тасталсын; 23-тармақта: екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi"; үшiншi абзац алынып тасталсын; "III бөлiм. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын талаптар" атауындағы "талаптар" деген сөз "біліктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "24. Мал дәрiгерлiгi жөніндегі жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар: Заңды тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар енедi: мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының арнаулы мал дәрiгерлiк білімi және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл еңбек стажы болуы; мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк білімi болуы; қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы; СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейіндегі технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы тиiс. Жеке тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар енедi: арнаулы мал дәрiгерлiк білімi және мамандығы бойынша: жоғары білімi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы орта мал дәрiгерлiк білімi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы болуы; қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы (сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы; денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы тиiс. 25-тармақ алынып тасталсын. 26-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiк комитетi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |