|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат): 1) 7-баптың 2-тармағындағы «орта» деген сөз «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 104-баптың 1-тармағындағы «бастапқы кәсіптік» деген сөздер «техникалық және кәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 108-бапта: тақырыбындағы және мәтініндегі «орта» деген сөз тиісінше «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «орта білім алуға» деген сөздер «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 125-баптың 4-тармағындағы «жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде» деген сөздер «жоғары және орта білімнен кейінгі ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 137-баптың 3-тармағындағы «орта» деген сөз «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-тармақ 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5; 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж. № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат, № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; №4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 21 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сотқа құрметтемеушілік білдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мынадай мазмұндағы 20-1-тараумен толықтырылсын: «20-1-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 311-1-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу 1. Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы - жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне ұқыпсыз немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқыту және тәрбиелеу процесінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл нұқсан келтірсе, - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Лицензиаттың білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелерін, білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерін, білім алушыларды ауыстыру және оқуына қайта қабылдау ережелерін бұзуы - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі - лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Берілетін білім беру қызметтерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын өзгеше бұзу - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 7. Осы баптың бірінші-алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әркеттер (әрекетсіздік) - лицензиядан айырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің - оннан он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2) 357-2-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормалардың бұзылуын жоймау - »; 3) 541-бапта «309-2 (төртінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «311-1 (жетінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.»; 4) мынадай мазмұндағы 576-5-баппен толықтырылсын: «576-5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті орган 1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 311-1 (бірінші-алтыншы бөліктер), 357-2 (бірінші бөлік) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.»; 5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының қырық бесінші абзацындағы «оған уәкілетті лауазымды адамдары» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы қырық алтыншы абзацпен толықтырылсын: «білім беру саласындағы уәкілетті органның (311-1 (жетінші бөлігі), 356, 357-1-баптар) соған уәкілетті лауазымды адамдары;». 3. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 21 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 90-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы қызметті;»; 2) тармақша 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді 2) 121-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында: «негізгі, орта, жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік» деген сөздер «негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «жалпы және кәсіптік» деген сөздер алып тасталсын; 3) 231-баптың 2) тармақшасындағы «негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру; бастауыш, орта» деген сөздер «негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;. 4) тармақша 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді 4) 371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында: он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының»; он жетінші абзацтағы «білім беру» деген сөздер «жалпы білім берудің оқу» деген сөздермен ауыстырылсын; он сегізінші абзацтағы «жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, оның ішінде кәсіптер бойынша, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік» деген сөздер «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; 2007 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 105-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «мектепке дейінгі балалар мекемелерін» деген сөздер «мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын»; 2) 107-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «жалпы білім беру, арнаулы орта» деген сөздер «мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын. 5-тармақ 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж,. № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат, № 4, 28-құжат; 2007 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 50-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында: төртінші абзацтағы «орта кәсіптік» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы «кәсіптік» деген сөз алып тасталсын; 2) 51-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «техникалық және кәсіптік білім беру;»; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «орта білімнен кейінгі білім беру;»; 3) 52-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында: үшінші абзацтағы «азаматтарға міндетті тегін орта» деген сөз «тегін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын, «арқылы міндетті тегін орта» деген сөздер «арқылы жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын; «(ауысымдық)» деген сөз алып тасталсын; «жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «техникалық және кәсіптік білім беру; орта білімнен кейінгі білім беру;» «4) 53-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «арқылы міндетті тегін орта» деген сөздер «жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын, «азаматтарға міндетті тегін орта» деген сөздер «азаматтарға міндетті тегін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын; «(ауысымдық)» деген сөз алып тасталсын.» 6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат): 183-баптың 4-тармағында «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат): 1) 30-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында: «жалпы білім беретін оқу орнында орта білім» деген сөздер «орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 36-баптың 5-тармағының үшінші абзацындағы «орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін» деген сөздер «орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 140-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында: «бастауыш, орта» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «кәсіптік» деген сөз алып тасталсын; 4) 182-баптың 3-тармағындағы «Жалпы білім беру ұйымдарын және бастауыш кәсіптік білім берудің білім беру ұйымдарын» деген сөздер «Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 322-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;». 8. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат): «19-бапта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары»: 4) тармақшадағы «жоғары, арнаулы орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарына» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына,» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат): 15-баптың үшінші бөлігіндегі «орта кәсіби, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби және қосымша кәсіби» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат): 1) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.»; 2) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жалпы белгіленген стипендия мөлшерінен 50 процентке жоғары мөлшерде стипендия төленеді.»; 3) 16-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде квота беріледі». 11. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 жылғы, № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжат; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007., № 3, 23-құжат): 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Білім алу Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуына, егер олар осындай деңгейдегі әрбір білімді бірінші рет алып тұрса, құқық беріледі. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады. Білім беру ұйымдарына қабылданған шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарына ие болады және міндеттерін мойнына алады.» 12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №18, 366-құжат; 1997 ж., №7, 79-құжат; №12, 184-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №21, 782-құжат; 2001 ж., №10, 121-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2003 ж., №15, 131-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат): 31-баптағы «халыққа» деген сөз алып тасталсын.». 13. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №23, 321-құжат; №24 338-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., 7-8, 23-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №8, 52-құжат; №9, 67-құжат): 34-баптың бірінші абзацындағы «мекемелерінде» деген сөз «ұйымдарында» деген сөзбен ауыстырылсын.». 14. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №12, 184-құжат; 1998 ж., №15, 208-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №21, 774-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №6, 142-құжат; 2001 ж., №20, 257- құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №10, 69-құжат): 48-баптың 2-тармағындағы «және білім беру мекемелерінің» деген сөздер «ұйымдардың және білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.». 15. «Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108 құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж, № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; 2001ж, № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат): 17-баптың 2-тармағындағы «арнаулы орта» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын. 16. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., №17, 100-құжат; 2005 ж, №21-22, 87-құжат): 20-баптың 3) тармақшасындағы «білім беру мекемелері» деген сөздер «білім беру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын.» 17. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж,. № 4, 101-құжат; 2000 ж, № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат): 17-баптың екінші бөлігінде «кәсіптік-техникалық, орта арнаулы» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген, «даярлау мекемелерінде» деген сөздер «даярлау ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын. 18. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 24, 148-құжат, 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат): 1) 9-4-баптың бірінші бөлігінде: «кәсіптік» деген сөз алып тасталсын; «орталық атқарушы» деген сөздер «уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын. 2) 19-баптың екінші бөлігіндегі «кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғары білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау мекемелерінде» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, арнаулы орта және жоғары білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын. 19. «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., №8, 187-құжат; 2004 ж., №11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат): 9-баптың 2-тармағындағы «білім беру мекемелерінде» деген сөздер «білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |