Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шет ел
Осы редакция 2007 жылғы 10 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығына сәйкес, уақытша келетiн шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау Ережесі 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығына, "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерiнің төлем жасау қабілеттігiн растау тәртібін айқындайды. 2. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына заңнамада белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды. Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына мынадай: 1) тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухат берілген күнге белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш баламасына тең немесе одан асатын; 2) өтiнiш бiлдiрушi тұруға ниет бiлдiрген елдi мекеннен бiр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сомада банктiк шотта (шоттарда) ақшасының болуы туралы банк басқармасы төрағасының немесе банктiң уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған Қазақстан Республикасының резидентi-банктiң құжатын ұсынады. Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi. Өтiнiш берушiге тұрғын үй беру туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт болған кезде, тұрғын үй сатып алу үшiн ақшасының болуы туралы банктiң құжаты талап етiлмейдi. 3. Төлем жасау қабiлеттігін растайтын ұсынылған құжаттарды iшкi iстер органдары түпнұсқалық мәнiне тексередi және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын рұқсаттар алу материалдарына қосылады.
|