Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттырды тіркеу нұсқаулығын бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы № 237-ІII «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу нұсқаулығы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 10 тамыздағы № 30 «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1679 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 15, 569-құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру басқармасы (Н.Б. Баржақсы) заңда көрсетілген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С.Е. Бекеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|