2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың (2007.08.05. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 320, 321, 322, 323, 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330, 331-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 292-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1769243 мың теңге (бір миллиард жеті жүз алпыс тоғыз миллион екі жүз қырық үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 30 маусым № 905; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысы;»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 899 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау жүйесін дамытудың және оны жетілдірудің мемлекеттік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттегі денсаулық сақтаудың ахуалын толыққанды және уақтылы мониторинг жүргізу; халықты қауіпсіз, қол жетімді, сапалы медициналық көмекпен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен қамтамасыз ету; қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімдері мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; салауатты өмір салтын насихаттау; бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешімдерді қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық шағын жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту. ҚР Үкіметінің 2007.08.05. № 369 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды уақтылы және тиімді қамтамасыз ету; ел ішінде орта есеппен 35 қызметшінің біліктілігін арттыру; орта есеппен 38 қызметшіні ағылшын тіліне оқыту; орта есеппен 180 қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту; орта есеппен 35 адамды, дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның қызметшілерін шетелде оқыту және денсаулық сақтау, медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орта есеппен 28 маманын шетелде оқыту. Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді жұмсау. Бір қызметшіні ел ішінде біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 22,1 мың теңге; бір қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 35,3 мың теңге; бір қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 35,3 мың теңге; дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның бір қызметшісінің шетелде біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 2114,9 мың теңге; денсаулық сақтау, медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бір қызметшісінің шетелде оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1428,5 мың теңге. Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықаралық стандарттарға сәйкес болуы. Уақтылығы: жоспарланған іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде орындалуы. Сапасы: денсаулық сақтау жүйесін басқару деңгейін арттыру; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне және оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 293-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 230395 мың теңге (екі жүз отыз миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 24, 35, 43-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3 , 7 , 18, 48-баптары; «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлауды қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқушыларды оқуға қабылдау - 450 адам, стипендиаттардың орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендиялар төлеу - 767, стипендиямен қамтамасыз ету - білім алушылардың 75 пайызы. Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығыс мөлшері - жылына 221488 теңге. Бір оқушының айлық стипендиясының мөлшері 5147 теңге. Қысқы және жазғы каникулдар кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу. Уақтылығы: денсаулық сақтау саласының орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 300 адам. Сапасы: медицина колледжін үздік бітірген, орта кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 16 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 294-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6136948 мың теңге (алты миллиард бір жүз отыз алты миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 3 , 25, 26, 27, 43 және 44-баптары; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 48-бабы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; «Мемлекеттік білім беру гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы, «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Ерекше мәртебесі бар оқу орындары жөніндегі типтік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Мемлекеттік атаулы стипендияларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 125 қаулысы; «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы; «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласының білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының студенттерін медициналық мамандықтар бойынша запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: студенттерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау - 4000; медициналық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына запастағы офицерлерді қабылдау - 600; докторанттар - 33, аспиранттар - 63, клиникалық ординаторлар - 90, магистранттар - 50; 1-курс студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету (жаңа қабылдау) - 100 пайыз, оқуды жалғастырушылар орта есеппен - 83 пайыз және интерндер - 92 пайыз; магистранттар, клиникалық ординаторлар, аспиранттар және докторанттар - 100 пайыз. Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығыс - жылына 261600 теңге; запастағы офицерді даярлауға - жылына 21752 теңге; докторантты даярлауға - жылына 60100 теңге; аспирантты даярлауға - жылына 122400 теңге, клиникалық ординаторды даярлауға - жылына 134100 теңге, магистрантты даярлауға - жылына 169400 теңге. Айлық стипендия мөлшері: бір студент - 6434 теңге; бір интерн - 11652; Президенттік - 12868 теңге; атаулы - 9329 теңге; докторант - 22564 теңге; аспирант -17685 теңге; клиникалық ординатор - 16466 теңге және магистрант - 16466 теңге. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 1 білім алушының қысқы және жазғы каникулдар кезінде жол жүруіне 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу. |