Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету үшін осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды берушілер мен қызметтерді көрсетушілер болып белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шегінде осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды; 2) осы қаулыға сәйкес мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты ұтымды және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 832 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды, берушілер мен қызметтері көрсетушілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|