«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі)»
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 417, 418, 419, 420, 421, 422-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 417-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Статистика саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3777754 мың теңге (үш миллиард жеті жүз жетпіс жеті миллион жеті жүз елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 159 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 781 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін жетілдіруді қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару; 2) ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін қамтамасыз ету; 5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау; 6) өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі және оның жетілдірілуі; кәсіби деңгейін арттыру - 642 адам, мемлекеттік тілге оқыту - 1529 адам; ағылшын тіліне оқыту - 30 адам. Түпкілікті нәтиже: барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 12,4 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге. Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына. Сапасы: қызметкерлерді оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу негізінде статистикалық деректердің сапасын арттыру; қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілер біліктілігінің кәсіби деңгейін арттыру, олардың нәтижелері бойынша: мемлекеттік тілді оқығаннан кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4 пайызға, ағылшын тіліне оқығаннан кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4 пайызға, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 5 пайызға артады деп жорамалданады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 418-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 943999 мың теңге (тоғыз жүз қырық үш миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, «Қазпатент» және «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық ақпаратты сапалы өңдеу және жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен үрдістерін сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) мемлекеттік органдарды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету; барлық жеке және заңды тұлғалардың жиынтық статистикалық деректерге деген қажеттілігін қанағаттандыру, статистикалық деректерді өңірлік және республикалық деңгейлерде енгізу және өңдеуді қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат табыс ететін жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистикалық есептілік көрсеткіштерін 100% енгізу және өңдеу. Статистикалық нысандар мен нұсқаулықтарды, жарияланымдарды республикалық және өңірлік деңгейлерде дайындау. Талдамалы жұмыстар жүргізу. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық байқаулар жүргізу. Түпкі нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені пайдаланушылар санын жыл ішінде 10%-ға өсіру. Уақтылығы: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімдерде, сондай-ақ іс-шараларды іске асыру мерзімдерінде қамтамасыз ету. Сапасы: статистикалық ақпараттың релеванттығын пайдаланушылардың қажеттілігін есепке алу жолымен көтеру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 419-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйесін құру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 260300 мың теңге (екі жүз алпыс миллион үш жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық өндірістің тиімділігін арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерін құру, статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудің және ұсынудың қазіргі заманғы автоматтандырылған әдістерін енгізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдамалы ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату», «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім», «Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы» ақпараттық қосалқы жүйесін құруды қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: статистикалық ақпаратты пайдаланушыларды электрондық түрмен жедел қамтамасыз ету, тұрғын үйге баға мониторингін жүзеге асыру мүмкіндігі, деректерді жинау, өңдеу, және тарату тәртібін автоматтандыру есебінен статистикалық деректер сапасын көтеру (деректерді жаңартуды толық және өз уақтысында қамтамасыз ету). Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді біріктіретін бірыңғай Интернет-портал әзірлеу, мемлекеттік органдар сияқты, барлық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға сұраулардың орындалуы және жауаптардың дайындалуының өз уақтысында жүзеге асырылуына көмектеседі. «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық қосалқы жүйесін құру үй шаруашылықтары мен олардың тұрғын үй жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар бастапқы деректерді жинау, өңдеу және тарату жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үй шаруашылықтарын іріктеуді оңтайландыруға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта үй шаруашылықтарын зерттеуге жұмсалатын шығын 155 млн. теңгені құрайды. Желіні 30%-ға қысқарту арқылы жылына 50 млн. теңге үнемдеуге болады. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдардың шығындары да қысқарады, себебі олар «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық қосалқы жүйесіне кіру мүмкіндігіне ие болады (Қазақстан Республикасы бойынша 17 млн. теңгеге). Оларға анықтамалықтар, өз бағдарламаларын және т.б. құру қажет болмайды. Сонымен бірге барлық жергілікті атқарушы органдардың деректері салыстырылымды болады, яғни республика бойынша жиынтық деректерді құру кезінде ақпаратты қайта кодтауға қосымша шығын талап етілмейді. «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық қосалқы жүйесін кезекті ұлттық халық санағында пайдаланудың нәтижесі 300 млн. теңгені құрайды, өйткені 50 мың есепші 15 мың теңге айлықақымен 4 айға аз жұмыс істейтін болады. «Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы» ақпараттық қосалқы жүйесін құру бастапқы статистикалық ақпаратты терең өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді және ақпараттық-талдамалы міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді. Қосымша статистикалық байқаулар жүргізуге жұмсалатын шығындардың болжалды жиынтық қысқаруы «Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы» ақпараттық қосалқы жүйесін пайдаланудың алғашқы үш жылында (2008-2010жж.) 322,4 млн.теңгені құрайды. «Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы» ақпараттық қосалқы жүйені құруға 211,625 млн. теңге жұмсалатын болса, мемлекеттік бюджет қаражатының қорытынды үнемі 110,7 млн. теңгені құрайды. Уақтылығы: Сапасы: осы жоба Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттар талабына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 420-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15907 мың теңге (он бес миллион тоғыз жүз жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттардың ұлттық деңгейге бейімделген әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: статистиканың әр түрлі салаларында әдіснамалар әзірлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 8 тақырып бойынша мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жаңа құралдарды енгізуге, статистикалық деректердің сапасын арттыруға және олардың халықаралық деңгейде салыстырымдылығын арттыруға мүмкіндік туғызатын болады. Түпкі нәтиже: ғылыми негізделген, соның ішінде халықаралық статистикалық сыныптамалардың жаңа жүйесіне көшу, салалық статистика мен ҰШЖ-ның статистикалық көрсеткіштерін енгізу және жетілдіру бойынша әдістемелер жасау. Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 1988,4 мың теңгені құрайды. Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген мерзімдеріне сәйкес жыл бойына. Сапасы: әдіснамалық әзірлемелер халықаралық стандарттарды енгізуді және олардың ұлттық деңгейге бейімделуін жеделдетеді, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, мемлекеттік басқару органдарын, сондай-ақ қалың жұртшылықты ақпараттық қамтамасыз етуді жақсартады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 421-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 655297 мың теңге (алты жүз елу бес миллион екі жүз тоқсан жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысы; «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысы; "Республикалық бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясын құру, Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1119 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің толық сапалық сипаттамасын алу; 2) қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету; 3) Ауыл шаруашылығы санақ деректерінің қоры негізінде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты пайдалануды оңтайландыру; 4) жиналған статистикалық деректерді сапалы өңдеу мен талдауды және оларға пайдаланушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: |