Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 861 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 512 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 516-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 1 қазандағы
№ 861 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Тәшібаев Мұрат Сейітжанұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көп ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы |
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Әбішев Тастемір Дәуітұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша) |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері |
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Уәйісов Мерей Құрманұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Жанасаев Болат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Жарбосынова Мәдина Бейнешқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша) |
Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Нәубетова Рәшида Аронқызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша) |
Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |