Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 20 және 21-тармақтарында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттігін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы № 928 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы»31»желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік статистика аясында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|