Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесін бекіту туралы
ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 200 Бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру департаменті (бұдан әрі - Агенттік) (Ә. Жайлаубаева) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етілсін. 3. Агенттіктің Қаржылық-экономикалық талдау және әкімшілік жұмыс департаментінің (Н.Б. Оразалиев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дұрмағамбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 13 шілдедегі № 311-п бұйрығымен Бекітілген
Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді. Ереже ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу мен аудиторлық қорытындыны беру тәртібі анықтайды. 2. Ақпараттық жүйелердің аудиті: ақпараттық жүйелердің, оларда болып жатқан іс-қимылдар мен оқиғалардың ағымдағы жай-күйін бағалау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|