2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 149-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1 987 226 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз сексен жеті миллион екі жүз жиырма алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңы; «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; - нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру; - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау; - еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру; - кәсіптік шеберлігін жетілдіру және қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша дағдылар мен шеберлікті, теориялық және практикалық білімдерді жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: - әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету. - 200 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату; - 468 адамды мемлекеттік тілге оқыту. - 35 адамды ағылшын тіліне оқыту. Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 15,3 мың. теңге. Бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 17,4 мың. теңге. Бір мемлекеттік қызметкерді ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 30,0 мың. теңге. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру, мемлекеттік органдар жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін арттыру және қол жетімділігін кеңейту. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 150-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Зейнетақы бағдарламасы» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 293 661 678 мың теңге (екі жүз тоқсан үш миллиард алты жүз алпыс бір миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы 12-бабының 5-тармағы, 16-бабының 5 тармағы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2 , 5-баптары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқықтарын іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - ағымдағы айдан кешіктірмей төлеу; - зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету; - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған базалық зейнетақы төлемдерін төлеу. Алушылардың орташа жылдық болжамды саны: - Ынтымақты зейнетақы - 1 636,6 мың адам; - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы алушылардың саны - 0,6 мың адам; - базалық зейнетақы төлемдерін алушылар - 1671,9 мың адам; Түпкі нәтиже: ағымдағы айдан кешіктірмей төлеу: ынтымақты зейнетақылар мөлшерін 8 пайызға көбейту және зейнеткерлік жасқа толған адамдардың барлығына 3000 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу. Қаржылық-экономикалық нәтиже: - зейнетақының ең төмен мөлшері - 7236 теңге; - зейнетақының орташа мөлшері - 10855 теңге; - зейнетақыларға үстемеақылардың орташа мөлшері - 17508 теңге. - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3000 теңге. Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапасы: - тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу, радиациялық қатер өңірлерінде тұрғаны үшін және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 151-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 73 621 815 мың теңге (жетпіс үш миллиард алты жүз жиырма бір миллион сегіз жүз он бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - ағымдағы айға төлеу; - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан еселеп есептеу; - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшерлерін ескере отырып уақытында төленуін қамтамасыз ету: - жасына байланысты; - мүгедектігі бойынша; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны: - мүгедектігі бойынша - 405,5 мың адам; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 227,9 мың адам; - жасына байланысты - 12,9 мың адам. Түпкі нәтиже: ағымдағы айға төлеу; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың кірістерін көбейту. Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері - мүгедектігі бойынша - 9308 теңге; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 8235 теңге; - жасына байланысты - 4431 теңге. Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапасы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 152-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41507918 мың теңге (қырық бір миллиард бес жүз жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жеке санаттарына қосымша материалдық қолдау көрсету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін; - арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жаңа мөлшерінде уақытылы қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
|