|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және 2007 жылғы 2 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 1-тармақтың 4), 7), 10), 13) тармақшалары және 2-тармақ алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат): 4-тармақтың 1) тармақшасы және 5-тармақ алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы: 1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын және 2) тармақшаны; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 23 және 24-тармағында көрсетілген жауапты хатшының өкілеттіктерін; 3) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 13-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацын, 148), 149) тармақшаларын, 14-тармағының 70), 72), 75), 134), 213), 214), 215) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 995 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өсімін молайтуды қорғау және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа), агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар істері комитеті, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді. 7. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36. 8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 11. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
12. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; 2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; 4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 5) өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 13. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық және өңірлік саясатын қалыптастырады және үйлестіреді, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлейді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады; 2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады; 3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және бекітеді; 4) мынадай мәселелер бойынша техникалық регламенттер әзірлейді: тұқым шаруашылығы; пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласында; астық және оның тіршілік циклының үдерістері; ветеринариялық қадағалауға жатқызылған тамақ өнімінің қауіпсіздігі; 5) мынадай саладағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді: мақта саласын дамыту; өсімдіктер карантині; 6) реттелетін салаларда лицензиялау ережесі мен біліктілік талаптарын әзірлейді; 7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтер әзірлейді; 8) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекітеді; 9) аңшы куәлігін беру тәртібін айқындайды; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесінің, олардың бөліктерінің және туындыларының объектілерін және оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды; 11) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздемені дайындау тәртібін айқындайды; 12) аң шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекітеді; 13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдар қолдануының ережесін бекітеді; 14) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы ерекшеліктері мен тіршілік қызметінің өнімдерін шаруашылық мақсаттарына пайдаланудың тәртібін белгілейді; 15) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерінен басқа, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдаланудың тәртібін белгілейді; 16) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жануарлар санын реттеу тәртібін айқындайды; 17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді; 18) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуымен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 19) жолдамалардың үлгі нысанын бекітеді; 20) жануарлар түрлерінің санаттарын айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екінші санатқа ауыстырады; 21) өңірлерде арнайы қоймаларды (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын келіседі; 22) пестицидтер (улы химикаттар) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді; 23) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша: пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу тәртібін; пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру, сондай-ақ арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау тәртібін; пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу ережесін бекітеді; 24) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу ережесін әзірлейді және бекітеді; 25) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау, астық, ветеринария, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес хаттамалардың және жазбаша өкімдердің нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру және шығару тәртібін бекітеді; 26) фитосанитариялық және карантиндік іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді; 27) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді; 28) өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үйрету бағдарламаларын (оқыту бағдарламаларын) келіседі; 29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алудың және есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 30) аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді; 31) өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік іс-шаралар белгілеуге және жүзеге асыруға қатысты карантиндік объектілердің тізбесін айқындайды; 32) Өсімдіктер карантині жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың лауазымына тұруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді; 33) астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді; 34) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады; 35) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 36) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша астық сапасының сараптамасына және астық сапасы паспортын берудің тәртібіне қойылатын талаптарды әзірлейді; 37) астықтың сандық-сапалық есебі, астық сақтау, астық қолхаттарын беру, айналымы, өтеу және жою, астық нарығының мониторингін жүргізу, астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу, астық қабылдау кәсіпорындарының үлгілік есеп беру нысандарын әзірлейді және бекітеді, астық қолхаттары жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды белгілейді, мемлекеттік астық инспекторы туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 38) мемлекеттік статистиканы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметтеріне, астық рыногына қатысушылардың (оның ішінде астық экспортшыларының) оған мониторинг жүргізуіне қойылатын біліктілік талаптарын орындауы мәселелері бойынша есепке алудың және есептілігінің тізбесін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді; 39) ветеринария саласындағы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды, ветеринариялық ережелерді, ветеринариялық есепке алудың және есептілігінің нысандарын әзірлейді және бекітеді; 40) алдын алу, диагностика және жою бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлейді; 41) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді әзірлейді және бекітеді; 42) сорт сынау және тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді; 43) сорттардың оригинаторларын тіркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргізу ережелерін бекітеді; 44) тұқымдардың сапаларына сараптама жүргізу тәртібін бекітеді; 45) технологиялық талаптарды, тұқымдарды өндіру, сақтау және сату схемаларын бекітеді; 46) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді; 47) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды; 48) бірегей және элиталық, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндірушілерді, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді; 49) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді; 50) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру және сату көлемдерін болжайды; 51) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді; 52) көрсетілген мақсаттарға арнап көзделген бюджет қаражаты шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілер үшін субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрлері бойынша жыл сайынғы квоталарды белгілейді; 53) осы аймақта пайдалануға рұқсат берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары сапалы тұқымдарын өндіру үшін табиғи-климат жағдайы қолайлы агроэкологиялық аймақтарды айқындайды; 54) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажеті толық қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақ жүргізуге, элиталық тұқым өндіруге арналған тұқым топтарын әкетуді келіседі; 55) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабын жүргізеді және баспадан шығарады; 56) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді және жүргізеді; 57) асыл тұқымдық малдардың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымдық малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді; 58) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды жүзеге асырады; 59) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпаратқа сұрау салады; 60) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға, қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді; 61) аттестатталған тұқым өндірушілер үшін белгіленген квоталар шегінде республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын тұқымдарды сатудың шекті бағасын белгілейді; 62) омартаның ветеринариялық паспортының нысанын және оны беру тәртібін белгілейді; 63) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін бекітеді; 64) Қазақстан Республикасында араларды тұқымдық аудандастыру жоспарын бекітеді; 65) асыл тұқым мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады; 66) асыл тұқым аталық жануарларды тексеру және бағалау тәртібін айқындайды; 67) асыл тұқым малдар мен табындардың есебін жүргізу ережелері мен нысандарын әзірлейді және статистика органдарына келісуге береді; 68) шаруашылық жүргізуші субъектілерге аттестаттауды жүргізу тәртібі, асыл тұқым мал зауыты, асыл тұқымдық шаруашылық, малды асылдандырушы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру тәртібі туралы ережелерді әзірлейді; 69) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқым малдардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 70) асыл тұқымдық өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдар әзірлеуді жүзеге асырады; 71) асыл тұқым малдардың гендік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасы шеңберінде, ғылыми ұйымдармен бірлесіп, асыл тұқымдық орталықтардағы аталық малдардың тұқымдық және сандық құрамын айқындайды; 72) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын айқындау және малдарды өсіру жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді; 73) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) есебін жүргізу нысандарын әзірлейді және бекітеді; 74) асыл тұқым малдарды өсіру үдерісін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеуді жүзеге асырады; 75) ұлттық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың немесе өңірдің экономикасы үшін елеулі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын мемлекеттік уақытша басқаруды енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді; 76) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша су пайдалану лимиттерін бекітеді; 77) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге береді; 78) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар береді; 79) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздерінің жобаларын әзірлеу тәртібін бекітеді; 80) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бекітеді; 81) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың келу ережесін бекітеді; 82) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді; 83) табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін белгілейді; 84) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке тұлғалардың пайдалану тәртібін белгілейді; 85) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекітеді; 86) әуесқойлық балық аулауды қоспағанда, мемлекеттік табиғат қорығы аймағында, арнайы бөлінген телімдерде тұратын халықтың қажеттіктері үшін рұқсат берілетін аңшылық және балық аулау тәртібін белгілейді; 87) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорық аумағында шу және өзге де жасанды акустикалық әсер ету нормаларын белгілейді; 88) аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын мемлекеттік табиғат қорықтарында арнайы бөлінген телімдерде реттелетін экологиялық туризм жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар жасау тәртібін белгілейді; 89) мемлекеттік ұлттық табиғат парктері аумақтарында реттелетін туризм және рекреация ережесін бекітеді; 90) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын салуды жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздерге қатысты өзге де қала құрылысын салу құжаттамасын келіседі; 91) егістіктердің жойылу алаңдарын анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 92) өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған құқықтық және экономикалық шарттарды жетілдіреді және республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді; 93) сақтанушының, сақтандырушының және агенттің бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар нысанын және беру мерзімдерін белгілейді; 94) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде көрсетілетін қызметтер мен берілетін ақпараттар тізбесін әзірлейді; 95) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 96) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 97) мыналардың мониторингін жүргізеді: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және осы саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру; далалық жұмыстарды жүргізу; ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің бағалары мен нарықтары; 98) агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту үшін, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредит ресурстарына қол жеткізуін жақсарту үшін жағдай жасайды; 99) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамытады; 100) мыналарды талдауды жүзеге асырады: қызмет салалары мен түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің, ауыл шаруашылығы мен оны қайта өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндіру теңгерімінің жай-күйі мен нәтижелерін; агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық деректерді; 101) баға, техникалық, кедендік, салықтық, сақтандыру қызметі, сондай-ақ техникалық реттеу және мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді; 102) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылған схемаларын әзірлейді және бекітеді; 103) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстар береді; 104) кадрлар даярлауды, агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 105) агроөнеркәсіптік кешен саласында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 106) мыналардың ережелерін әзірлейді және бекітеді: мақта нарығының мониторингін жүргізу; мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу; мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану; шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру; мақта қолхаттарын беру, оның айналысы, оны жою және өтеу; мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу; 107) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлейді және бекітеді; 108) мыналарға қойылатын біліктілік талаптарының жобасын әзірлейді: шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке; сарапшы ұйымға; 109) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мыналарды әзірлейді және бекітеді:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |