Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2007 жылғы 19 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрінің міндетін атқарушы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2003 жылғы 14 қарашадағы "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" № 841 бұйрығымен бекітілген Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға тіршілік ету ортасының факторларын, шаруашылық және басқа да қызмет, сондай-ақ объектілер теріс әсер етуін зерделеу, бағалау мен олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді. 3. Осы Ережелердің талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өзінің іс-қимылын жүзеге асырып жүрген жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|