Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл (2006.16.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комитет туралы ереже; 2) Комитеттің құрылымы; 3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 3. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат берiлсiн. 4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзілсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде: 1-тармақтың үшінші абзацы ", Тіл комитетi." деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: 2) тармақшада: бесiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру" деген сөздер алынып тасталсын; он екінші абзац алынып тасталсын; 3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде: реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын; 2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген 1-бөлімде: "Тілдерді дамыту комитеті 25" деген жолдағы "Тілдерді дамыту комитеті" деген сөздер "Тіл комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбындағы және мәтіндегі «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тiл комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыреті шегінде iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ өз құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негiзгi мiндеттерi тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады, 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бap. 4. Комитет өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар төрағаның бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды. 5. Комитеттің штат санының лимиті мен құрылымын Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгінің Тiл комитеті" мемлекеттік мекемесі. 8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Комитеттің функциялары мен құқықтары 10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: 1) мыналарды: тілдердi қолдану мен дамыту бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ету; тiлдердi дамыту сапасындағы бiртұтас мемлекеттік саясат қызметін ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру; терминология және ономастика комиссияларының қызметін қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіру; тіл туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру, тіл туралы заңнаманы бұзуға кiнәлi лауазымды тұлғаларға тәртiптiк жазалар шараларын қолдану туралы тиiстi органдарға ұсыныстар енгізу жөнiндегі тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар; 2) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау-қадағалау функциялары. 11. Комитеттiң негізгі міндеттерi мен функцияларын iске асыру үшін заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) өз құзыретiнің шегiнде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан тілдерді дамыту саласындағы заңнаманың, Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнiнде ақпарат сұратуға және алуға; 2) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық кесiмдер шығаруға; 3) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшілік жаза қолдануға; 5) тiлдердi дамыту саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге; 6) жеке және заңды тұлғалар тiлдер туралы заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен және негiздерде сотқа шағымдануға; 7) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; 8) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тiл саясаты мәселелерi бойынша тыңдауға құқығы бар. 12. Комитеттің республикалық меншiкке жататын жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктің есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитет теңгерімiнде көрсетiлетiн өзге де мүліктен тұрады. 13. Комитеттің өзiне бекітілген мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге да тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде өзiне берiлген мүлікті басқаруды жүзеге асыру құқығы берiлген. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. 15. Төрағаның бiр орынбасары болады. 16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. 1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртіптік жазалар қолданады; 4) өз құзыреті шегiнде бұйрықтар шығарады; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ереженi бекітеді; 6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 7) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 18. Комитет төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің құрылымы 1. Басшылық 2. Тілдердi дамыту және нормативтiк-лингвистикалық проблемалар басқармасы: 2.1. Нормативтiк-лингвистикалық проблемалар бөлімі; 2.2. Ономастика және терминология бөлiмi; 2.3. Тілдердi дамыту бөлiмi; 3. Талдау және ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы: 3.1. Тiл бағдарламаларының iске асырылу мониторингi және талдау бөлiмi; 3.2. Әкiмшілiк-қаржылық қамтамасыз ету бөлiмi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. |