Қазақстан Республикасының
2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы (2008.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2007.12.12. № 1223 Қаулысын қара
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.24.10. № 76-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 3 329 710 114 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 2 103 413 632 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 51 805 329 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 8 544 482 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 1 165 946 671 мың теңге; 2) шығындар - 2 716 038 820 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 613 671 294 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредит беру - 50 045 039 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 55 995 111 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 950 072 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 897 980 455 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 899 480 455 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 500 000 мың теңге; 6) тапшылық - - 334 354 200 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,1 проценті; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 334 354 200 мың теңге.
2-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 13 972 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 011 499 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2008 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|