Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1277 Қаулысы
«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне сот шешімдерін орындау үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 2672802,50 теңге (екі миллион алты жүз жетпіс екі мың сегіз жүз екі теңге елу тиын) бөлінсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің2007 жылғы
24 желтоқсандағы
№ 1277 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот шешімдерінің тізбесі
Р/с № | Сот органының атауы мен шешімнің шығарылған күні | Талапкер | Мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге) | Мемлекеттік баж (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14.08. шешімі, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 08.03. ұйғарымы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 02.09. ұйғарымы, Алматы қалалық сотының қадағалау алқасының 2004 жылғы 23.02. қаулысы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2006 жылғы 28.03. сырттай шешімі, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2007 жылғы 12.03. шешімі, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2007 жылғы 14.09. ұйғарымы. | Е.И. Пак | 2007 жылғы қаңтардан бастап 2007 жылғы қазанды қоса алғандағы кезең ішінде - 57600 2004 жылғы қарашадан бастап 2005 жылғы желтоқсанды қоса алғандағы кезең ішінде - 457121, 1997 жылғы қыркүйектен бастап 2002 жылғы тамызды қоса алғандағы кезең ішінде - 967644, 2006 жылғы қаңтардан бастап 2006 жылғы желтоқсанды қоса алғандағы кезең ішінде - 614977 | |
2 | Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 10.09. шешімі, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 11.04. ұйғарымы, Атматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2003 жылғы 24.12. ұйғарымы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2005 жылғы 10.06. ұйғарымы. | Ю.И. Литвиненко | 2006 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы қазанды қоса алғанда- ғы кезең ішінде - 75556,50 | |
3 | Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15.09. шешімі, Астана қаласы сотының азаматтық істер алқасының 2003 жылғы 09.12. қаулысы, Астана қаласы сотының қадағалау алқасының 2005 жылғы 30.06. қаулысы. | Ф.М. Кәрімов | 2006 жылғы шілдеден бас- тап 2007 жылғы қазанды қоса алғандағы ке- зең ішінде - 499904 | |
Жалпы сомасы: 2672802,50 |