|
|
|
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 65 (бұр. ред. қара); 2008.15.04. № 344 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен базалық және шекті ставкалар өзгертілді
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары
Ескертпе: 1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 40,75 коэффиценті; ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына: энергия өндіруші ұйымдар; табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі 1 0,3 коэффициенті; 2 0,43 коэффициенті; 3 0,25 коэффициенті; 3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 30,2 коэффиценті; 4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |