|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 411-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 411-ҚОСЫМША
690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Сайлау өткізуді ұйымдастыру» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 842265 мың теңге (сегіз жүз қырық екі миллион екі жүз алпыс бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының штат саны туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қазандағы № 1108 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламент Сенаты депутаттарының, маслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуді ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Парламент депутаттарының, маслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді іске асыру, сайлау өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелік комиссияларына басшылық жасауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: Қазақстан Республикасында сайлау туралы заңнаманың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету; Парламент Сенатының депутаттығына 8 кандидаттан, облыстық маслихаттардың депутаттығына 8 кандидаттан, қалалық және аудандық маслихаттарға - 5 кандидаттан бәсекелестік кезінде сайлау қорытындыларын шығару; сайлау комиссиялары мүшелерінің және Орталық сайлау комиссиясы аппараты қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру; Орталық сайлау комиссиясы аппаратының 20 қызметкеріне - мемлекеттік тілді және 15 қызметкеріне ағылшын тілін оқыту. Түптілікті нәтижелер: сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу; мемлекеттік тілді оқытудағы қажеттілікті - 50 пайызға, ағылшын тілін оқытудан қажеттілікті - 50 пайызға қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижелер: бюджет қаражатын сайлауды өткізу жөніндегі іс-шараларға пайдалану; бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру. Уақтылылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес іске асыру. Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау және сайлану құқығын іске асыруын қамтамасыз ету; қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес сайлау комиссиялары мүшелерінің, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |