Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 319 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы (Өзгеге ерекше құқық беру шарттарын тіркеу, Қорғау құжаттарын алуға құқық беру туралы келісім-шарттарды тіркеу және ішінара беру туралы шартты тіркеу)
1. Жалпы ережелер
1. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу - ерекше құқықты беру туралы шарт бойынша қорғау құжатын немесе өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру фактілерін мемлекеттің тануы мен растау және тіркелген беру шарттарын тізілімге енгізу рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1000, 1029-баптарына (Ерекше бөлімі), «Патент заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 6-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1, 2, 3-тармақтарына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 19, 20-баптарына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде № 4648 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 58-н.қ. бұйрығына сәйкес көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|