|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 (2008.25.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж.; № 29, 258-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн"; 2) 3-тармақтағы: 1) тармақшасындағы "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшасындағы "кәсiптiк-техникалық оқу орындарын" деген сөздер "бастауыш кәсiптiк білім беретiн оқу орындарын" деген сөздермен, "жұмыспен қамту қызметтерi" деген сөздер "жергiлiктi бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 64 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |