|
|
|
2008 жылға арналған реснубликалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 359, 360, 361-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 359-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға бағынысты актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 11132686 мың теңге (он бір миллиард бір жүз отыз екі миллион алты жүз сексен алты мың теңге). ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 529, 534, 537-541-баптары; «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдесіндегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы № 1050 Жарлығы 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды бұзушылықты, осындай бұзушылықтарға кеп соқтыратын себептер мен жағдайларды ең жоғары шамада анықтау және жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру. ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: адам және азаматтың, заңды тұлға мен мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды заң бұзушылықты анықтау және жою. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жүктелген заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі функциялардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық міндеттемелерді жедел орындау және қамтамасыз ету. Шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастық деңгейін арттыру. Бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы туралы мемлекеттік органдарды, заңды тұлғаларды ақпараттармен тиімді қамтамасыз ету. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалаpы бойынша теориялық және практикалық білімді іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - прокурордың қатысуымен істерді қарау; - жалпы саны 5150 бірлік Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратының және оның аумақтық бөлімшелерінің, жалпы саны 771 бірлік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің орталық аппаратының толық көлемде міндеттерін атқаруы; - 1857 адамның кәсіби деңгейін арттыру; - 1245 адамға мемлекеттік тілді үйрету; - 12 адамға ағылшын тілді үйрету; - аумақтық прокуратура органдары үшін мебель, автокөлік, ұйымдастыру техникасын сатып алу; - прокуратура органдары аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарында күрделі жөндеу жұмысын жүргізу. Соңғы нәтиже: - 100 пайызға материалдық-техникамен жарақтандырумен, Қазақстан Республикасы аумақтық бөлімшелерінің тұрғын-үймен қамтамасыз ету; - заңдылықтарды қолдану және шектелмеген адамдар шеңберінде Конституциялық құқықтарды қорғау бойынша қадағалау іс-шараларын өткізу; - шетелде ұсталған адамдарға экстрадициялауды іске асыру; - құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласы бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жоюға бағытталған кешендік бақылау шараларын өткізу; Қаржылық-экономикалық нәтиже: - орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығын 1951 мың теңге; - аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығын 1690 мың теңге; - штаттан тыс бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығын 276 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын 16 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге үйретудің орташа шығыны 24 мың теңге. - бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілді үйретудің орташа шығыны 15 мың теңге. Уақтылығы: - белгіленген мерзімге сәйкес іс-шараларды уақытылы орындау. Сапасы: - адам мен азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда заң бұзушылықты анықтау және жою; - белгіленген мерзімде сотталғандығы/сотталмағандығы туралы анықтаманы ұсыну және азаматтар өтініштерінің болмауы; - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі құқықтық тәртіп заңдылығының жағдайы туралы ақпараттармен нақты және тиімді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 360-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Криминалдық және жедел есеп жүргізу жөніндегі мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1464 мың теңге (бір миллион төрт жүз алпыс төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу бойынша қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу және өзге де мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіпті қорғау міндеттерін шешу үшін жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - тұрақты негізде жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу. Түпкі нәтиже: - тергеумен аяқталған немесе жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу нәтижесінде қылмыстардың ашылуын арттыру. Қаржы-экономикалық нәтиже: - жедел-анықтамалық, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу шегінде мемлекетаралық ақпараттық банктің мәліметтерін тікелей пайдаланумен жедел-іздестіру қызметтеріне арналған шығындарды азайту (оңтайландыру). Уақтылығы: - мемлекетаралық ақпараттық банктің мәліметтерін ұстау үшін уақытылы төлемдерді төлеу. Сапасы: - жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу нәтижесінде алынған ақпараттардың уақыттылығы және дәлділігімен қанағаттандырылған мемлекеттік органдардың - 100 пайызы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 361-ҚОСЫМША 502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесін құру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 419855 мың теңге (төрт жүз он тоғыз миллион сегіз жүз елу бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы 7-бабы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 жарлығы 3-тармағының 2 тармақшасы; «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1374 қаулысы, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 Қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жемқорлықпен, қылмыспен, есірткі заттарды заңсыз айналдырумен заңдылықтардың бұзылумен күресудегі уәкілдік мемлекеттік органдарда ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: - автоматтандырылған ақпараттық мәліметтер базасын одан әрі жетілдіру; - дүние жүзілік ақпараттық ортаға Қазақстандық мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесін біріктіру, құқықтық статистикалық мәліметтерді тарату мен жариялық жүйесін жетілдіру; - құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кадрларды даярлау мен кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру мен құруы. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: - статистикалық және талдау ақпараттарымен өз уақытылы қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар мен өзге де құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері; - әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды өздігімен өтеуден жыл сайын 52 млн. теңгеге өсуі күтілуде, прокурорлық қадағалау актілері бойынша залалды өтеуден 396 млн. теңгеге ұлғайту, мемлекеттік бажды төлеу табысының 86 млн. теңгеге ұлғаюы, ақпараттарды жинақтау, өңдеу және талдау әрекетінің автоматтандырылу арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар айыппұлының 115 млн. теңгеге ұлғаюы; - сәйкестендіру принциптері бойынша мәйіттерді тану және жеке тұлғаларды анықтауға қатысты көрсеткіштердің 30 пайызға жоғарылауы. Соңғы нәтиже: - статистикалық және талдау ақпараттармен өз уақтылы қамтамасыз етілген мемлекеттік органдардың 50 пайызы; - құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша өз уақтылы берілген есептер мен өзге де статистикалық және талдау ақпараттарының 100 пайызы. Қаржы-экономикалық тиімділік: - автоматтандырылу арқылы өткізілетін жинақтау, өңдеу, ақпаратты талдау шығындарының кемуі; - құқықтық статистикалық және талдау ақпараттарының сапасын автоматтандырылған ақпараттық деректер базаны қолдану арқылы және нақтылығын жоғарлату. Уақтылығы: мемлекеттік сатып алуларды өз уақтылы өткізу және қызметтерге келісім тұжырымдау. Сапасы: алынған құқықтық статистикалық және талдау ақпараттардың уақтылығы және нақтылығымен қанағаттандырылған құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің 100 пайызы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |