|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 8 , 9 , 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 8-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1584804 мың теңге (бір миллиард бес жүз сексен төрт миллион сексен төрт мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметіне басшылық жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету; өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, дағды мен машықты жаңарту. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметіне басшылық жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз ету. Кәсіптік деңгейін арттыру - 10 адам; Мемлекеттік тілді оқыту - 48 адам; Ағылшын тілін оқыту - 24 адам. Түпкі нәтижесі: Мемлекеттік атқарушы органдардың жүргізілетін мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған тиімді қызметі. Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі; Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығындар - 60,0 мың теңге; Бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға арналған орташа шығындар - 36,0 мың теңге; Бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға арналған орташа шығындар - 21,0 мың теңге. Уақтылығы: Бір жыл ішінде жоспарланған іс-шаралар мен қойылған міндеттерді уақтылы орындау. Сапасы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімді ескере отырып, іс-шараларды сапалы орындау; Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 20%; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тілді іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30%; ағылшын тілін оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 9-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 91600 мың теңге (тоқсан бір миллион алты жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы« мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпаратты техникалық қорғау және білікті кадрларды даярлау арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту; мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту; Мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту. Түпкі нәтиже: Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі. Уақтылығы: Мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау және оларды жою, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру. Сапасы: Мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болуын ескерту.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 10-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 414154 мың теңге (төрт жүз он төрт миллион бір жүз елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1042 қбү қаулысы; 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді үкіметтік курьерлік байланыспен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы және толық жеткізу. Қаржы экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі. Уақытылығы: Хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы жеткізу. Сапасы: Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 11-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi 2008 жылға арналған ПАСПОРТЫ «019 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1650000 мың теңге (бір миллиард алты жүз елу миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 762 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін, өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қаржылық тұрақтылық, мемлекеттік органдардың реттеуші қызметінің тиімділігі мәселелерін зерделеу жөнінде институтының қызметін қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанынан ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның қызметін қамтамасыз ету. Түпкі нәтижесі: Мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдау функцияларын институционалдық нығайту. Қаржы-экономикалық нәтижесі: 1650000 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту. Уақтылығы: Жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде, оның ішінде қаржыландыру жоспарына сәйкес орындау. Сапасы: Институттың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
12-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |