|
|
|
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және (2009.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 Қаулысымен күші жойылды
Кедендік баж ставкаларын жүйелеу және олардың Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары; 2) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың атаулары негізінде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары; 3) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттердің тізбесі; 2) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттердің тізбесі; 3) преференциялық режим қолданылатын, дамушы және мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесі бекітілсін. 4. Мыналар: 1) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында және Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына қосымшаларда көрсетілгендердің 75 пайызы мөлшерінде кедендік баждардың ставкалары қолданылады деп; 2) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар кедендік баж салудан босатылады деп белгіленсін. 5. Кедендік баждарды өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін. Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жіберіледі. 6. Қазақстан Республикасының кеден органдары осы қаулының 2-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды әкелу және әкету кезінде кедендік ресімдеуді және кедендік баждар алуды Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына қосымшаларға сәйкес кедендік баждардың ставкалары бойынша жүзеге асырсын. 7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін. 8. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын интерпретациялаудың негізгі ережелері
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеу мынадай ережелер бойынша жүзеге асырылады: 1. Бөлімдердің, топтар мен кіші топтардың атаулары ҚР СЭҚ ТН-ды пайдаланудың қолайлылығы үшін ғана келтіріледі; заңдық мақсаттар үшін ҚР СЭҚ ТН-де тауарларды жіктеу тауар позицияларының мәтіндерін және бөлімдерге немесе топтарға тиісті ескертпелерді негізге ала отырып, және егер осындай мәтіндерде өзгеше көзделмесе, мынадай ережелерге сәйкес жүзеге асырылады: 2. а) тауар позициясы атауындағы қандай да бір тауарға кез келген сілтеме, жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрде ұсыныла отырып, бұл тауардың жинақталымды емес немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеттеріне ие болуы шартымен жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрдегі осындай тауарға сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс, сондай-ақ жиналмаған немесе ажыратылған түрде ұсынылған жинақталымды немесе аяқталған тауарға (немесе қарастырылып отырған тауар позициясында осы Ережеге байланысты жинақталымды немесе аяқталған түрде жіктелетін) сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс; б) тауар позициясы атауындағы қандай да бір материалға немесе затқа кез келген сілтеме осы материалдың немесе заттардың басқа материалдармен немесе заттармен қоспасына немесе қосылыстарына сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс. Белгілі бір материалдан немесе заттан жасалған тауарға кез келген сілтеме толық немесе ішінара осы материалдан немесе заттан тұратын тауарларға сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс. Бірден астам материалдан немесе заттан тұратын тауарларды жіктеу 3-ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Егер 2 (б) Ережеге байланысты немесе қандай да бір басқа себептер бойынша prima facie, тауарларды екі немесе одан да көп тауар позициясына жатқызу мүмкіндігі болса, мұндай тауарларды жіктеу мынадай үлгіде жүзеге асырылады: а) артықшылық, неғұрлым ортақ сипаттамасы бар тауар позициясымен салыстырғанда, неғұрлым нақты сипаттаманы қамтитын тауар позициясына беріледі. Алайда, екі немесе одан да көп тауар позициясының әрқайсысының қоспалардың немесе көп бөлікті бұйымдардың құрамына кіретін материалдардың немесе заттардың бөліктеріне ғана немесе бөлшек саудаға арналып ұсынылған тауарлардың бөлігіне ғана қатысы болса, онда осы тауар позициялары, тіпті олардың біреуі тауардың неғұрлым толық немесе дәл сипаттамасын берсе де, осы тауарға қатысы бойынша тең мәнді ретінде қарастырылуы тиіс; б) әртүрлі материалдардан тұратын немесе әртүрлі бөліктерден дайындалатын қоспалар, көп бөлікті бұйымдар, және оларды жіктеу 3 (а) Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бөлшек саудаға арналған жинақталымдарда ұсынылған тауарлар, осы өлшемнің қолданылуы шартымен, осы тауарларға негізгі қасиет беретін материал немесе құрамдас бөлік бойынша жіктелуі тиіс; в) жіктелуі Ереженің 3 (а) немесе 3 (б) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын тауарлар осы тауарларды жіктеу кезінде қарау үшін тең дәрежеде қолайлы тауар позициялары арасында кодтардың өсу тәртібіндегі соңғы тауар позициясында жіктелуі тиіс. 4. Жоғарыда жазылған ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын тауарлар қарастырылып отырған тауарларға барынша ұқсас (жақын) тауарларға сәйкес келетін тауар позициясында жіктеледі. 5. Төменде аталған тауарларға қатысты жоғарыда аталған ережелерге толықтыру ретінде мынадай ережелер қолданылуы тиіс: а) фотоаппараттарға, музыкалық аспаптарға, мылтықтарға, сызу керек-жарақтарына, алқаларға арналған тысқаптар мен футлярлар, сондай-ақ ұзақ пайдалану үшін жарамды және оның өзіне арналған бұйымдармен бірге ұсынылатын тиісті бұйымдарды немесе бұйымдар жинақталымын орналастыру үшін арнайы нысаны бар ұқсас ыдыс, егер ыдыстың осындай түрі әдетте сатуға арналған бұйымдармен бірге түссе, олар да қапталған бұйымдармен бірге жіктелуге тиіс. Алайда, осы Ереже оралған бұйыммен біртұтас бүтінді құрай отырып, соңғыға негізгі қасиет беретін ыдысқа қолданылмайды; б) жоғарыда келтірілген Ереженің 5 (а) талабына сәйкес өзіндегі тауарлармен бірге ұсынылатын орама материалдар және ыдыстар, егер олар әдетте осы тауарлардың орамасы үшін пайдаланылатындай түрде болса, бірге жіктелуге тиіс. Алайда, егер осындай орама материалдар немесе ыдыстар қайта пайдалану үшін жарамды болса, бұл ереже міндетті болып табылмайды. 6. Заңдық мақсаттар үшін тауар позициясының қосалқы позицияларындағы тауарларды жіктеу тек қосалқы позициялар бір деңгейде салыстырмалы болуы шартымен қосалқы позициялар мен ескертулердің қосалқы позицияларға қатысы бар атауларына, сондай-ақ mutatis mutandis, жоғарыда аталған ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осы Ереженің мақсаттары үшін, егер мәтінде өзгеше келісілмесе, бөлімдер мен топтарға тиісті ескертпелер де қолданылуы мүмкін.
Өлшем бірліктері
Кедендік баждар ставкаларының ерекше және құрама түрлерін қолдану ерекшеліктері
Тауарлар массасының килограмы үшін евромен белгіленген ерекше ставкалары немесе тауар массасының килограмы үшін евродағы ерекше құрамасымен құрамдастырылған ставкалар бойынша алынатын кедендік баждар сомаларын есептеу кезінде есептік база ретінде оны тұтынғанға дейін тауардан ажырамайтын және онда тауар бөлшек сауда үшін ұсынылатын оның бастапқы орамасы ескеріле отырып, тауар массасы пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға кедендік баждардың ставкалары
I бөлім Тірі жануарлар; жануарлардан алынатын өнімдер
Ескертулер: 1. Бұл бөлімдегі жануарлардың нақты тегіне немесе түріне арналған кез келген сілтеме, егер өзгеше келісілмесе, осы тектің немесе түрдің төлдеріне де жатады. 2. Бүкіл Номенклатура бойынша»кептірілген»өнімдер термині, егер өзгеше келісілмесе, майсыздандыруға, буландыруға немесе сублимациялық кептіруге ұшыраған өнімдерді де білдіреді.
01-топ Тірі жануарлар
Ескерту: 1. Бұл топқа: а) балықтарды, шаян тектестерді, ұлуларды және 0301, 0306 немесе 0307 тауар позициясының өзге де су омыртқасыздарын; б) микроорганизмдер дақылдары мен 3002 тауар позициясының басқа да өнімдерін; және в) 9508 тауар позициясының жануарларын қоспағанда, барлық жануарлар енгізіледі.
02-топ Ет және тағамдық қосымша ет өнімдері
Ескертулер: 1. Аталған топқа: а) тамаққа пайдалануға жарамсыз 0201-0208 немесе 0210 тауар позицияларының өнімдері; б) ішектер, жануарлардың көпіршіктері немесе асқазандары (0504 тауар позициясы); немесе жануарлардың қаны (0511 немесе 3002 тауар позициясы); в) жануарлардың тоң майлары, 0209 тауар позициясының өнімдерінен басқа (15-топ) енгізілмейді. Қосымша ескертулер: 1А. Төмендегі терминдер мыналарды білдіреді: а) 0201 10 және 0202 10 қосалқы позициялардағы ірі қара малдың ұшасы»- сойылған малдың қаны ағызылып кейін, басымен немесе бассыз, аяқтарымен немесе аяқсыз, басқа да бөлінбеген қосымша ет өнімдерімен немесе оларсыз импортталатын тұтас ұшалары. Егер ұша бассыз импортталатын болса, онда соңғысы ұшадан сүйектің желке тұсынан ажыратылуға тиіс. Аяқтарсыз ұшаны импорттау кезінде соңғылары тілерсегінен немесе тілерсек алды буынға тиіс;»ұша» барлық сүйектерімен және кесінділерімен ұшаның алдыңғы бөлігін қамтуға тиіс, әрі жауырындық бөліктің мойын жағы мен қабырға қыртысында қабырғалардың 10-нан аса жұбы болуы тиіс; б) 0201 10 және 0202 10 қосалқы позициялардағы»ірі қара малдың жартылай ұшасы»- тұтас ұшаны мойын, төс, арқа және бел омыртқалардың және төс пен құйымшақ бойынша ортасынан симметриялы шабу нәтижесінде алынған өнім;»жартылай ұша барлық сүйектерімен және кесінділерімен жартылай ұшаның алдыңғы бөлігін қамтуы тиіс, әрі жауырындық бөліктің мойын жағы мен қабырға қыртысында қабырғалардың 10-нан аса жұбы болуы тиіс; в) 0201 20 200 және 0202 20 100 кіші қосалқы позицияларындағы»еселенген ширектер - ұшаның: - не барлық сүйектерімен және кесінділерінен, желке бөлігімен және оныншы қабырғаның деңгейінде шабылған қабырғаның жауырын жақ шетімен және үшінші қабырға деңгейінде шабылған алдыңғы ширегінен және жамбас және сан етімен барлық сүйектері бар артқы бөлігінен; - не барлық сүйектерімен және кесінділерінен, желке бөлігімен және бесінші қабырға деңгейінде шабылған және барлық кеудесі мен кеуделігі бар қабырғаның жауырын жақ шетімен алдыңғы ширегінен және сегізінші қабырға деңгейінде шабылған жамбас және сан етімен барлық сүйектері бар артқы ширектерінен тұратын ұшаның бөлігі. «Еселенген ширектерді» құрайтын алдыңғы және артқы ширектер бір уақытта және бірдей санда импортталуға тиіс, әрі алдыңғы ширектердің жалпы массасы артқы ширектердің жалпы массасына тең болуға тиіс. Бұл ретте тауардың екі партия бөліктерінің массасында (алдыңғы және артқы ширектердің) партияның неғұрлым ауыр бөлігі массасының 5 %-дан аспайтын белгілі бір алшақтыққа жол беріледі; г) 0201 20 300 және 0202 20 300 кіші қосалқы позицияларында «мүшеленбеген алдыңғы ширектер» - ұшаның барлық сүйектерімен және кесінділерімен, желке бөлігімен және ең азы төрт жұп, ең көбі он жұп (қабырғалардың бірінші төрт жұбы тұтас, қалғандары шабылған болуы мүмкін) болатын қабырғаның жауырын жақ шетімен алғы бөлігі; д) 0201 20 300 және 0202 20 300 кіші қосалқы позицияларындағы «мүшеленген алдыңғы ширектер» - жартылай ұшаның барлық сүйектерімен және кесінділерімен, желке бөлігімен және ең азы төрт, ең көбі он (қабырғалардың бірінші төрт жұбы тұтас, қалғандары шабылған болуы мүмкін) болатын қабырғаның жауырын жақ шетімен түпкі бөліксіз алғы бөлігі; е) 0201 20 500 және 0202 20 500 шағын қосалқы позицияларындағы «мүшеленбеген алдыңғы ширектер» - ұшаның барлық сүйектерімен, жамбасымен және сан етімен, ең азы тұтас үш жұп немесе шабылған үш жұп болатын жіліншікті немесе жіліншіксіз етті бөлігін қоса алғанда, түпкі бөліксіз артқы бөлігі; ж) 0201 20 500 және 0202 20 500 кіші қосалқы позицияларындағы «мүшеленген артқы ширектер» - жартылай ұшаның барлық сүйектерімен, жамбасымен және сан етімен, тұтас үш жұп немесе шабылған үш жұп болатын жіліншікті немесе жіліншіксіз еттің бөлігін қоса алғанда, түпкі бөліксіз артқы бөлігі; з) 1. 0202 30 500 кіші қосалқы позициясындағы «жауырын» шабылған еттері және «мойын-жауырын бөлігі» - төстің бірінші сүйегімен оныншы қабырғадағы көк еттің қайырмаланатын нүктесіне дейін мүшелену нүктесі арқылы туралап ұшаны шабу жолымен ең азы төрт және ең көбі он қабырғаның алдыңғы ширегінен алынатын жауырын бөлігінің жоталық шетінің жоғарғы бөлігін қамтитын алғы ширектің қабырғалық бөлігі; з) 2. 0202 30 500 кіші қосалқы позицияларындағы «төс» шабылған еттері - төстің артқы шетін және төстің алдыңғы шетін қамтитын алдыңғы ширектің төменгі бөлігі. 1Б. Аталған 1А (а-ж) қосымша ескертуде осы топқа омыртқамен және омыртқасыз өнімдерді жатқызуға болады. 1В. 1А-тармағына сәйкес тұтас немесе шабылған қабырғалардың санын анықтау кезінде омыртқадан ажыратылмаған қабырғалар ғана есепке алынады. Омыртқасы болмаған жағдайда, жоқ омыртқамен қосылған тек тұтас немесе шабылған қабырғаларын ескеру қажет. 2А. Төменде аталған терминдер мыналарды білдіреді: а) 0203 11 100 және 0203 21 100 кіші қосалқы позицияларындағы «ұшалар немесе жартылай ұшалар» - қаны ағызылғаннан және іші тазартылып, жүні мен тұяқтары алынғаннан кейін үй шошқаларының ұшасы түріндегі сойылған шошқалар. Жартылай ұшалар тұтас ұшаны мойын, төс және сегізкөз омыртқаларымен және құйымшақ-шат сүйегінің бойымен тұтас ұшаны шабу жолымен алынады. Тұтас ұшалар немесе жартылай ұшалар баспен немесе бассыз, аяқтарымен, бүйрек майымен, көк етімен немесе онсыз болуы мүмкін. Жартылай ұшаларда жұлынның, бас мидың немесе тілінің алыну немесе алынбауы мүмкін. Мегежіндердің ұшаларында немесе жартылай ұшаларында емшегінің (сүт безінің) қалдырылуы немесе алынуы мүмкін; б) 0203 12 110, 0203 22 110, 0210 11 110 0 және 0210 11 310 0 кіші қосалқы позицияларындағы «сан ет» (артқы сан ет) - аяқтарын немесе аяқтарынсыз, жіліншігімен, терісімен және тері астындағы майымен немесе оларсыз сүйектерін қоса алғанда жартылай ұшаның артқы (құйрық) бөлігі. Сан ет (артқы сан ет) ұшалар немесе жартылай ұшалардың қалған бөлігінен соңғы сегізкөз омыртқасының ең үлкенін қамтитын желі бойынша бөлінеді; в) 0203 19 110, 0203 29 110, 0210 19 300 0 және 0210 19 600 0 кіші қосалқы позицияларындағы «алдыңғы бөлік - жартылай ұшаның бассыз аяқтары, еттері, терісі және тері астындағы майы бар және оларсыз сүйектерін қоса алғанда алдыңғы (бас) бөлігі. Алдыңғы жиек жартылай ұшаның ең үлкен төс омыртқасын қамтитын жері бойынша бөлінеді. Алдыңғы жиектің бекітілген бұлшық еттерімен жауырын сүйегін (мойын бөлігі жас түрінде немесе мойын бөлігі тұздалған түрінде бекондық жартылай) қамтитын немесе қамтымайтын жоғары (арқа) бөлігі, егер ол алдыңғы жиегінің төменгі (құрсақ) бөлігінен тікелей омыртқа жотасы бойынша өтетін ең үлкен жолақ бойынша шабу жолымен бөлінген болса, төстің шабылған еті болып есептеледі;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |