|
|
|
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы (2008.14.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 1664 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2008 жылға арналған шығыстар сметасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілін және оның аппаратын қаржыландыруды, қоса беріліп отырған шығыстар сметасына сәйкес 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 002 «Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1062 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен Бекітілген
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2008 жылға арналған шығыстар сметасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |