2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 15 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 315, 316, 317, 318, 319, 320, 321 (құпия), 322, 323, 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 338, 339-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 315-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2128959 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма сегіз миллион тоғыз жүз елу тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары; «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы; «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасындағы тауарларды (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылауға жататын өнімдер тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; «Сапа саласындағы конкурстар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 392 қаулысы; «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысы; «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын, өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін шығару үшін жағдай жасауды және экспорттың өсуін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде барынша терең технологиялық қайта бөлістер мен шикізат ресурстарын тиімді пайдалануды енгізу негізінде елдің индустриялық дамуы үшін жағдайлар жасау; 2) елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуының мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде ғылыми-технологиялық әзірлемелерді (ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану) енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасының дамуы үшін жағдайлар жасау; 3) ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру; 4) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту және реформалау үшін жағдайлар жасау; 5) техникалық реттеуді және өлшем бірлігін дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру; 6) сауда қызметін дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде теңгермелі кеден-тарифі саясатын жүргізу мен тауарлардың импорты кезінде ішкі рынокты қорғау және ұлттық сауда режимін ырықтандыру деңгейін ұлғайту жолымен отандық өндірісті дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау; 7) Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде сауда қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау; 8) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың және бәсекелестікті қорғаудың мемлекеттік саясатын, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу, сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы кәсіпкерлікті, инновациялық қызметті дамыту, ғылыми-техникалық өнімнің нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау жолымен қалыптастыру; 9) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау; 10) экономиканың шикізаттық емес секторында инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 11) өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлікті жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерді, білік пен дағдыларды жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1) индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөнінде семинар мен тренингтер жүргізу; 2) сапа менеджменті жүйесін оқыту және жақсарту жөніндегі консалтингтік қызметтерді сатып алу; 3) мамандандырылған кезеңдік басылымды шығару; 4) кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің рейтингін жүргізу; республика өңірлерінде кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін кедергілерді анықтау; 5) ИСО 9001:2000 Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін, оның ішінде, аумақтық бөлімшелерде сапа менеджментінің жүйесін қолдау және жақсарту; 6) сертификатталған сапа менеджменті жүйесін, оның ішінде аумақтық бөлімшелерде инспекциялық бақылау жүргізу; 7) мына: «Алтын сапа» конкурс көрмесі мен «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына кемінде 150 конкурсантты іріктеуге арналған конкурстарды өткізу; 8) лицензиарлардың функциясын орындау; 9) жарнамалық-ақпараттық өнімді басу, шетелдерде және ел ішінде халықаралық ақпараттық-тұсаукесер іс-шараларын ұйымдастыру, «Жылдың үздік инвесторы» конкурсын өткізу, Азия қауымдастығының өңірлік мәжілісін өткізу, веб-сайтқа сервистік қызмет көрсету, өңірлік және халықаралық семинарларды, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырыстарын өткізу; 10) республика өңірлеріне сарапшыларды тарта отырып, отандық өндірісті дамыту мәселелері бойынша семинарлар өткізу; Отандық тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін ішкі нарықта тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларымен қорғау және сыртқы сауда дауларын реттеу; 11) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қатысу бөлігінде келісім-шарт міндеттемелерінің орындалу мониторингі, оның ішінде: - тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде бәсекелестік жағдайларының сақталуын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу; - өндіруші салалардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сыйымдылығының (қажеттілігінің) серпініне мониторингті жүзеге асыру; - өңдеуші өнеркәсіптегі инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруда отандық өндірушілерді талдамалық және ақпараттық қолдау; - жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік (конкурстық) құжаттамасын сараптау; - мұнай және тау-кен операцияларын жүргізу кезінде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алыну процесіне мониторинг жүргізу; - жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт міндеттемелерін олардың қазақстандық қатысудың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу бөлігінде мониторинг жүргізу; - Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін дайындау; - «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін» жүргізу, сүйемелдеу және әкімшілік ету; - талдамалық және статистикалық функцияларды, ТЖҚ тізілімінің ақпараттық жүйесін дамыту және пысықтауды енгізу бөлігінде функционалдықты ұлғайту; - ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, (ЭЦҚ беру жөніндегі куәландыру орталығымен ықпалдасу және тиісінше электрондық сатып алудың толық қанды жүйесін құру жағдайында) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың ереже жобасын әзірлеу; 12) кемінде 10080 тауар үлгілерін сатып алу, сатып алынған өнімге сынақ жүргізу; 13) қатаң есептегі бланкілерді сатып алу; 14) жабдықпен және өлшем құралдарымен жасақталған 19 жылжымалы зертхананы ұстау; 15) мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту - кемінде 140 адам, оның ішінде аумақтық органдардың қызметкерлері - кемінде 42 адам; 16) ағылшын тіліне оқыту - кемінде 80 адам; 17) мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру - кемінде 16 адам; 18) халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудитор атағына оқыту және тағылымдамадан өткізу - кемінде 10 адам; 19) 2006 жылы оқыған кемінде 10 адамды тағылымдамадан өткізу және оларды халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторлар халықаралық тізіліміне тіркеу; 20) Министрлікті материалдық-техникалық жарақтандыру; 21) техникалық құралдарды, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді; веб-сайтты сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу; 22) онлайн ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің 2 кодын сатып алу; 23) кәсіби аудармашылардың қызметтерін сатып алу, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі процесі туралы телебағдарламалар мен бюджеттерді дайындау және трансляциялау; материалдарды аудару; веб-сайтты сүйемелдеу; Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Жұмыс тобына мүше елдермен (шамамен 40 ел) халықаралық байланыс қызметтерін, Интернетті сатып алу; өкілдік шығыстар; Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі процесі туралы телебағдарламалар мен сюжеттер шығару жөніндегі қызметтерді сатып алу. Түпкі нәтиже: мемлекеттің мүдделерін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз ету; өлшеулердің барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету; әртүрлі елдердің калибрлеу сынақ зертханалары өткізетін сынақ нәтижелерін өзара тану; қазақстандық сертификаттарды шетелдерде тану; ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету; электронды жеткізгіштердегі нормативтік құжаттар мен стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ақпаратты өңдеу және тарату; саудадағы техникалық кедергілер мен фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың ДСҰ хатшылығымен, ИСО, Халықаралық электр техникалық комиссиясымен (ХЭК), ДСҰ-ға мүше елдермен және ИСО мен ХЭК халықаралық ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерімен, техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен шұғыл ақпарат алмасу жөніндегі ақпараттық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі; ДСҰ хатшылығымен, ИСО, ХЭК, ДСҰ-ға мүше елдермен және техникалық реттеу мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен тұрақты байланысты ұстау үшін бірыңғай ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуіне арналған жағдайлар жасау; Қазақстан бизнес қоғамдастығын қазақстандық өнімнің әлем нарығындағы бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін саудадағы техникалық кедергілер және санитарлық пен фитосанитарлық шаралар жөніндегі ДСҰ-ның келісімдеріне сәйкес консультация жүргізу және ақпаратпен қамтамасыз ету; мемлекеттік техникалық регламенттерге талдау жүргізу және әзірлеу үшін аударылған техникалық регламенттермен және айғақ базасының стандарттарымен қамтамасыз ету; саудадағы техникалық кедергілер және санитарлық пен фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың, оның ішінде ДСҰ хатшылығымен, ИСО, ХЭК, ДСҰ-ға мүше елдермен және ИСО және ХЭК халықаралық ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерімен, техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен шұғыл ақпарат алмасу жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің қалыпты жұмыс істеуі; ДСҰ хатшылығымен, ИСО, ХЭК, ДСҰ-ға мүше елдермен және ИСО және техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен тұрақты байланысты ұстау үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік желісінің жұмыс істеуіне арналған жағдайлар жасау; Қазақстандағы мемлекеттік органдарға, бизнес қоғамдастығына және мүдделі тараптарға консультация жүргізу және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру, экспортқа жылжыту мен экспорт кезінде тиімді бәсекелестік үшін өнімнің сапасын және процестерін жақсарту үшін ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі келісімдерге сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету; шағын кәсіпкерлік субъектілері санының одан әрі өсуі үшін жағдайлар жасау. Жер қойнауын пайдалану жобаларында және сараптамалық рәсімдерде қазақстандық қатысудың мониторингі; Бірыңғай электрондық құжат айналымы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Деректер базасын пайдалану кезінде өнеркәсіптің әртүрлі бағыттары, компаниялар, жекелеген өнімдер бойынша есептер алу. Бизнес ақпараттың жергілікті көздеріне көз жеткізу және нарықтардағы өзекті ұйымдармен және халықаралық-салыстырма деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу мүмкіндігі. Қаржылық-экономикалық нәтиже: «Алтын Сапа» республикалық көрме жәрмеңкесінің 1 қатысушысын тартуға кететін орташа шығын 233,3 мың теңгені құрайды; 1 аттестациялық зерттеу жүргізуге кететін орташа шығын 40,1 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқыту шығыны 24 мың теңгені, ағылшын тіліне - 24 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 90 мың теңгені құрайды; халықаралық деңгейдегі 1 сарапшы-аудиторды оқытуға және тағылымдамадан өткізуге орташа шығын кемінде 1974,9 мың теңгені құрайды; 2006 жылда халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторға кандидаттың 1 тағылымдамасына кететін орташа шығын кемінде 906 мың теңгені құрайды. Уақыттылығы: техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес жүктелген функцияларды уақтылы орындау. Сапасы: техникалық реттеудің халықаралық тәжірибесіне көшу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру және оның әлемдік нарыққа ықпалдасуы; жұмыстардың уақытылы орындалуы, Нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры ақпараттық жүйесінің сапалы жұмыс істеуі; инвестициялық ахуалды жақсарту; өндірістердің жаңа түрлері мен басқарудың қазіргі заманғы әдептерін игеру; инвестицияларды қызметтің басым түрлеріне тиімді пайдалану; Әлемдік, өңірлік және ұлттық деңгейдегі нарықтарда жұмыс істеудің стратегиялық талдауы; маркалар мен компаниялардың нарықтық үлестері; ірі компаниялардың сипаттамасы мен олардың табыстарға қол жеткізуге арналған стратегиясы; нарық пен сауданың келешегі жөніндегі болжам туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 316-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға кредиттер беру» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 31200000 мың теңге (отыз бір миллиард екі жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысы, «Қазақстан Республикасы әлеуметтік экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі әрекеттер жоспарын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты қалың жігіне тұрғын-үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын-үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қол жетімді тұрғын үймен, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы халықтың қалың жігін, Астана қаласының бюджет саласы қызметкерлерін, 100 мектеп пен 100 аурухана салатын қызметкерлерді қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - 2008 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жалпы ауданы 860 мың шаршы метр. Түпкілікті нәтиже: - ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын құру, тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы халықтың қалың жігін, Астана қаласында бюджет саласының қызметкерлерін, салынатын 100 мектеп пен 100 аурухананың қызметкерлерін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық тиімділігі: - инвестициялық салымдардың тиімділігін арттыру және жаңа қазақстандық сметалық нормативтер жүйесі арқылы қаржылық шығындардың жұмсалуын оңтайландыру. Уақыттылығы: - Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың әлеуметтік қорғалатын тобы үшін 860 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйді пайдалануға және/немесе сатып алынған үйді беру күтіліп отыр. Сапасы: - тұрғын үй қорының жайлылығын жақсарту; - қалалардың және басқа да елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 317-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 35000000 мың теңге (отыз бес миллиард теңге). |