ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 297 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен ережемен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесі (2009.14.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды. 2. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге көрсетіледі. 3. Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері бір мүгедекке жылына отыз сағаттан асырмай естімейтіндігі бойынша мүгедектерге көрсетіледі.
2. Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетудің тәртібі
4. Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы әзірлеген мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. 5. Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін алу үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер және естімейтіндігі бойынша мүгедектер мынадай құжаттарды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|