“Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысы
(2007.10.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 4 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiліп отырған:
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi;
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру ережесi бекiтілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 18.07.03 ж. № 720 қаулысымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.02.04 ж. № 170 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 20.04.04 ж. № 437; 20.12.04 ж. № 1334; 2005.22.02 № 162; 2005.02.03. № 193 (бұр. ред. қара); 2005.26.12. № 1287 (бұр.ред.қара); 2006.10.04. № 284 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Р/с № | Атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды |
1 | 2 | 3 |
1-1 | Инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өсiмдiктердiң көктеуiне қарсы құралдар мен өсуiн реттеуiштер, бөлшек сауда үшiн қалыптарға немесе орауыштарға бөлшектеп оралған немесе дайын препараттар немесе бұйымдар түрiнде ұсынылған дезинфекциялайтын және соған ұқсас заттар (күкiртпен өңделген ленталардан, бiлтелер мен шырақтардан, шыбын жабыстырғыш қағаздан басқа)* | 3808-ден |
2 | Азаматтық авиация үшiн мөлшерi бойынша кесiлген пішіндi кескiндер | 4008 29 100 0 |
3 | Фитингiсiз немесе фитингiлi (мысалы, қосылыстармен, қысқа құбырлармен, фланецтермен) вулканизацияланған резеңкеден жасалған құбырлар, түтiктер мен шлангiлер (қатты резеңкеден басқа) | 4009 |
4 | Вулканизацияланған резеңкеден жасалған конвейер ленталары немесе қозғалтқыш белдiктер немесе бельтинг | 4010 |
5 | Резинатехникалық бұйымдар, резеңкемен қапталған* манжеттер | 4016 93 100 0-ден |
6 | Қаптама амортизаторлар, ұштықтар, тұғырықтар* | 4016 99 580 0-ден |
7 | 8701 - 8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарына арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар* | 4016 99 880 0-ден |
8 | Табан темір* | 4017 00 900 0-ден |
9 | Агломерацияланған табиғи немесе жасанды жемірден немесе қыштан тегістеуге, қайрауға, жылтыратуға, қиюластыруға немесе кесуге арналған басқа материалдардан жасалған бөлшектермен жиынтықтағы немесе бұл бөлшектерсiз диірмен, қайрақ тастар, тегiстеу шеңберлерi және соған ұқсас қаңқасыз бұйымдар (қолмен қайрауға немесе жылтыратуға арналған тастардан және олардың табиғи тастан жасалған бөлiктерiнен басқа; фармацевтика өнеркәсiбiнде пайдаланылатын қыш немесе силикатты материалдардан (скарификаторлардан) жасалған қайрауға арналған жиектеусiз бұйымдар) | 6804 |
10 | Мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған орама, сорғы-компрессорлы және бұрғылау құбырлары | 7304 21 000 - 7304 29, 7305 20, 7306 20 000 0 |
11 | Суықтай деформацияланған, суықтай тартылған IIIx15 шарикті-подшипникті құбырлар* | 7304 31 990 0-ден |
12 | Ыстықтай орамдалған серiппелер, рессорлар | 7320 10 110 0-ден, 7320 10 190 0-ден, 7320 20 200 0-ден |
13 | Созылатын бұрандалы суықтай орамдалған серiппелер* | 7320 20 850 0-ден |
14 | Серiппелi қабықтар* | 7320 90 900 0-ден |
15 | Ыстық қалыптамалар* | 7326 90 930 0-ден |
16 | Төрткiлше, бұрыштықтар, жинағыш, ашалар, иінтіректер, кронштейннің қақпағы, құлақша, тостаған, алдыңғы тiрек, топсалар, тістегершіктер, мұрындық* | 7326 90 970 0-ден |
17 | Қабырғасының қалыңдығы 0,6 мм астам түзу мыс түтiктер | 7411 10 110 0-ден |
18 | Титан-кобальттi және вольфрамды-кобальтты кесу құралдарына арналған қатты қорытпалы тілімшелер* | 8209 00 800 0-ден |
19 | Бу қазандықтары немесе басқа да бу өндiретiн қазандықтар (төмен қысымдағы буды да өндiруге қабiлеттi орталықтан жылытылатын су қазандықтарынан басқа); буды қатты қыздырғышы бар су қазандықтары (8402 90 00-ден басқа) | 8402 |
20 | 8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандықтарымен пайдалануға арналған қосалқы жабдық (мысалы, экономайзерлер, буды қатты қыздырғыштар, күйе кетiргіштер, газ рекуператорлары), бу мен су немесе басқа да күштi бу қондырғыларына арналған конденсаторлар | 8404 |
21 | Тазартқыш қондырғылары бар немесе оларсыз газ генераторлары немесе су газы генераторлары; тазартқыш қондырғылары бар немесе оларсыз ацетиленді газ генераторлары және оларға ұқсас газ генераторлары | 8405 |
22 | Су буындағы турбиналар және өзге де бу турбиналары | 8406 |
23 | Ауыл шаруашылығы машиналарында, тракторларда, ұшу аппараттарында, электр генераторларында, компрессорларда пайдалануға жататын, поршеннің айналмалы немесе қайтарымды-үдемелі қозғалысымен ұшқындап от алатын iштен жану двигательдерi | 8407-ден |
24 | Ауыл шаруашылығы машиналарында, локомотивтерде, тракторларда, кемелерде, электр станцияларында пайдалануға жататын, қысқанда жалын шығаратын поршеньдi iштен жану двигательдерi (дизельдер немесе жартылай дизельдер) | 8408-ден |
25 | Авиациялық двигательдердің тек қана немесе негiзiнен ұшқындап от алатын поршеньдi iштен жану двигательдеріне арналған бөлшектері* | 8409 91 000 0-ден |
25-1 | Азаматтық авиацияға арналған тартымы 25 кН- нан аспайтын турбореактивті қозғалтқыштар | 8411 11 100 0 |
25-2 | Азаматтық авиацияға арналған тартымы 25 кН- нан астам, бiрақ 44 кН- нан аспайтын турбореактивтi қозғалтқыштар | 8411 12 110 0 |
25-3 | Қуаты 10 000 кВт-тан астам гидравликалық турбиналар мен су доңғалақтары | 8410 13 000 0 |
25-4 | Реттеушілерді қоса алғанда, бөліктер | 8410 90 |
26 | Азаматтық авиацияға арналған тартымы 44 кН-нан астам, бiрақ 132 кН-нан аспайтын турбореактивтi двигательдер | 8411 12 130 0 |
26-1 | Азаматтық авиацияға арналған тартымы 132 кН- нан астам турбореактивтiқозғалтқыштар | 8411 12 190 0 |
26-2 | Азаматтық авиацияға арналған қуаты 1100 кВт- тан аспайтын турбовинтті қозғалтқыштар | 8411 21 100 0 |
26-3 | Азаматтық авиацияға арналған қуаты 1100 кВт- тан астам, бiрақ 3730 кВт- тан аспайтын турбовинттi қозғалтқыштар | 8411 22 110 |
27 | Азаматтық авиацияға арналған қуаты 5000 кВт-тан аспайтын өзге де газ турбиналары | 8411 81 100 0 |
27-1 | Азаматтық авиацияға арналған қуаты 5000 кВт- тан астам өзге де газ турбиналары | 8411 82 100 0 |
28 | Қуаты 5000 кBт-дан астам, бiрақ 20 000 кВт-дан аспайтын газ турбиналы двигательдер | |
28-1 | Қуаты 20000 кВт-тан жоғары, бiрақ 50000 кВт-тан аспайтын өзге де газ турбиналары | 8411 82 930 9 |
29 | Азаматтық авиацияға арналған турбореактивті және турбовинтті двигательдердiң бөлшектерi | 8411 91 100 0 |
29-1 | Азаматтық авиацияға арналған турбореактивтiлерден басқа, реактивтi қозғалтқыштар | - 8412 10 100 0 |
30 | Азаматтық авиацияға арналған күш қондырғылары және желiлiк әрекеттегі гидравликалық двигательдер (цилиндрлер) | 8412 21 100 0 |
30-1 | Азаматтық авиацияға арналған өзге де күш қондырғылары мен гидравликалық қозғалтқыштар | 8412 29 100 0 |
30-2 | Азаматтық авиацияға арналған күш қондыр- ғылары және желілiк әрекеттегi пневмати- калық қозғалтқыштар (цилиндрлер) | 8412 31 100 0 |
30-3 | Азаматтық авиацияға арналған өзге де күш қондырғылары мен пневматикалық қозғалтқыштар | 8412 39 100 0 |
31 | Азаматтық авиацияға арналған двигательдер мен күш қондырғыларының бөлшектерi | 8412 90 100 0 |
32 | Май құю станциялары мен гараждарда пайдалануға арналғандарды, сондай-ақ көлiк құралдарына* арналғандарды қоспағанда, шығын өлшегiштерi бар немесе оларсыз сұйықты сорғылар; сұйықтарды көтергiштер | 8413-тен |