Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорларының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 303 Қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын), екі мемлекеттің арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға үлес қосуға дайын екендігін негізге ала отырып, ұйымдасқан қылмыстың, терроризмнің, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың прекурсорларының заңсыз айналымы мен өзге де қылмыс түрлерінің алдын алу және оған қарсы күрестегі ынтымақтастықтың қажеттілігін мойындай отырып, халықаралық ұйымдасқан қылмыстың, әсіресе терроризмнің таралуына, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды теріс пайдаланудың ұлғаюына және олардың заңсыз айналымының бүкіл әлем бойынша ұлғаюына алаңдаушылық білдіре отырып, осы құбылысқа қарсы іс-әрекет жасау үшін олардың күш-жігерін біріктіру мақсатында, жалпыға танылған қағидаттарды және халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, мыналар туралы келісті:
1. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қылмыстардың мынадай түрлерін айқындауда, алдын алуда, жолын кесу мен ашуда ынтымақтасады: 1) халықаралық терроризмнің және халықаралық ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлерінің; 2) терроризмді қаржыландыру, оның ішінде басқа да қылмыс түрлерін жасау кезінде алынған қаражатты пайдалана отырып қаржыландырудың; 3) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз дәріптеудің, өндірудің, импортының, экспортының, транзитінің, сатып алудың, сақтаудың, таратудың, сондай-ақ олардың заңсыз айналымының; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|