Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 315 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 сәуірдегі
№ 315 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 23 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
«Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Нұрғалиев Асқар Қайыртайұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Рау Альберт Павлович | - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы |
Садықов Серік Барлықұлы | - «Билд Инвестментс Групп» акционерлік қоғамының ресурстық жобалар жөніндегі басқарушы директоры, тәуелсіз директор» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Наймушина Ольга Вадимовна | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Зверьков Вадим Павлович | - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы |
Нәлібаев Абдықалық Зәкірұлы | - «Legal Express Analitic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, тәуелсіз директор». |
2. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 833 қаулысында:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мына:
«Бишімбаев Куандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі»; |
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
мына:
«Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Бөкенов Қайрат Ахмадиұлы | - Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Ахметов Бақытжан Әшімжанұлы | - «Финтекс» компаниялар тобының бас директоры, «Атамекен Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Алматы қаласы бойынша филиалы басқармасының мүшесі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Мұқашев Мәулен Шопанбайұлы | - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары |
Ахметов Бақытжан Әшімжанұлы | - «Финтекс» компаниялар тобының бас директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Алматы қаласы бойынша филиалы басқармасының мүшесі, тәуелсіз директор»; |
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Жақиянов Қайрат Жақиянұлы | - «К және К Талдықорған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Алматы облысы бойынша филиалы басқармасының мүшесі, тәуелсіз директор |
Рахжанов Серікқазы Жұмағазыұлы | - «Астық-комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Алматы облысы бойынша филиалы басқармасының мүшесі, тәуелсіз директор». |
3. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 874 қаулысында:
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Өтепов Эдуард Карлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы»; |
2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
мына:
«Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Ботбай Оралбек Қожамжарұлы | - «Транс АSТ LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, тәуелсіз директор» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Әблезов Кәрібай Тілеубергенұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Барлыбаев Ерлан Қаиланұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Павлодар қаласы бойынша филиалы басқармасының мүшесі, «Сүт» акционерлік қоғамның президенті, тәуелсіз директор». |
4. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1036 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
«Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Мұхитдинов Марат Зайләгиұлы | - «Дастан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі, тәуелсіз директор» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Мергалиев Серік Ролланұлы | - «Серік» өндірістік-жарақтандыру кәсіпорынның бас директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі, тәуелсіз директор». |