1995 жылғы астық жөніндегіхалықаралық келісім
Қазақстан Республикасы ҚР 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 332-I Заңымен қосылды
Кіріспе
Осы келісімге қол қойған тараптар 1949 жылғы Бидай жөніндегі халықаралық келісімнiң бiрнеше мәрте дәйектi түрде қайта қаралғандығы, қайта жаңартылғандығы немесе ұзартылғандығы, 1986 жылғы астық жөніндегі халықаралық келісімдi жасауға алып келгендiгiн назарға ала отырып, бiр жағынан, 1986 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның және екiншi жағынан 1986 жылғы Азық-түлiк көмегiн көрсету туралы конвенциядан тұратын, бұрын ұзартылған 1986 жылғы Астық жөніндегі халықаралық келісімнiң ережелерiнiң қолданылу мерзiмi 1995 жылдың 30 маусымында аяқталатындығын, сондай-ақ жаңа мерзiмге келісім жасауға тiлектiң бар екендiгiн назарға ала отырып; 1986 жылғы Астық жөніндегі халықаралық келісім жаңартылуы және дербес екi құқықтық құжаттан: (а) 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенциядан және (b) 1995 жылғы Азық-түлiк көмегiн көрсету туралы конвенциядан тұруы тиiс және көрсетiлген екi Конвенция, не олардың бiреуi қажеттiлiгiне қарай олардың конституциялық немесе әкiмшiлiктiк қаулыларына сәйкес тиiстi Үкiметтердiң қол қоюына және бекітуiне, қабылдауына немесе мақұлдауына ұсынылатын 1995 жылғы Астық жөніндегі халықаралық келісім деп қайта аталуы керек екендiгiне келісті, 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның мәтiнi 1994 жылы 7 желтоқсанда Астық жөніндегі халықаралық кеңсе шақырған үкiметтердiң Конференциясында бекітілдi. Азық-түлiк көмегiн көрсету жөніндегі комитет 1995 жылғы 13 наурыздағы өзiнiң жетпiсiншi (арнаулы) сессиясында Лондонда Комитет өзiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы 69-сессиясында бекiткен 1995 жылдың азық-түлiк көмегiн көрсету туралы Конвенцияның мәтініне өзгерістер енгізу туралы келісті. Үкіметтердің 1995 жылғы 6 шілдеде Лондонда өткізілген Конференциясы екі Конвенцияны да 1995 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгізді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|