|
|
|
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта аталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 39, 518-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармаларының тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 437 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармаларының тізбесі
1. «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне; 2. «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне; 3. «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне; 4. «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне; 5. «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаментіне.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 437 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
1. «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 2. «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 3. «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 4. «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті; 5. «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |