Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта: 3) тармақшадағы «ұсынатын жабдықтар» деген сөздер «ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар» деген сөздермен ауыстырылсын, «ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға» деген сөздер «агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін.«; көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|