Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 19 Қаулысымен күші жойылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 527 қаулысына 5 қосымша
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жер учаскелеріне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1, 16, 23, 43-баптарының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді. 5. Жер учаскелеріне жеке меншік құқығына сәйкестендіру құжатын (бұдан әрі - Мемлекеттік акт) беру қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеулер мерзімдері: 1) «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» Шығыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ЕМК) Мемлекеттік актіні дайындауы 1 айға дейін; 2) Басқарманың ЕМК дайындаған Мемлекеттік актіні сараптауы және беруі 2 күн ішінде; 3) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 40 минут; 4) мемлекеттік қызметті алу кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 40 минут. 8. Мемлекеттік қызмет өтеусіз негізде көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Шығыс Қазақстан облысы әкімінің веб-сайтында www.akimvko.gov.kz орналасады, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, 502-кабинет мекенжайы бойынша Басқарманың ақпараттық стендінде орналасқан, электрондық мекенжайы: zemvko@mail.east.telecom. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|