"Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібін бекіту туралы"
Осы редакция 2008 жылғы 30 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен тақырыбы және мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібі бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі: екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі құжаттардың нысандарын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзiрлесiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн; заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың арасында әлеуметтiк жеке код беру мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi ұйымдастырсын; уәкiлеттi ұйымға оларға әлеуметтiк жеке код беру үшiн зейнеткерлер туралы мәлiметтердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн. 3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi уәкiлеттi ұйымға заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың, жұмыс iстейтiн азаматтар туралы белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтердi беру кестесiн белгiлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342 қаулысымен Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен тақырыбы және мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібі
I. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады: уәкілетті ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны және оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен олардың бөлiмшелерi); әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы таралатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код; алушы - жеке адам, оның пайдасына зейнетақы жарналары жүргiзiледi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылады және/немесе оған Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалады; ӘЖК беру туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) - азаматтарға Орталық беретiн, ӘЖК-нiң берiлгендiгiн растайтын құжат. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Әлеуметтiк жеке код: әрбiр азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражат пен оның санына есеп жүргiзу; алушыларға есеп жүргiзу үшiн ақпараттық база құру; мiндеттi, ерiктi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының түсiмдерiн, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі мiндеттi әлеуметтік аударымдарды есепке алу; жинақтаушы зейнетақы қорларында жеке зейнетақы шоттарының есебiн алу; әрбiр алушыға оның жеке зейнетақы шотына бақылау жасау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету; зейнетақы және әлеуметтiк төлемдерiн есеп алу үшiн пайдаланылуы тиiс.
II. Әлеуметтiк жеке кодты берудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Орталық ӘЖК-нi берудi жүзеге асыратын ұйым болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. ӘЖК беру үшiн азаматтар Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiнде белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерiн толтырады. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Тiркеу кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады: 1) ӘЖК; 2) тiркеу кезіндегі тегi, аты, әкесiнiң аты; 3) жынысы; 4) туған күнi; 5) туған жерi; 6) тұратын мекен-жайы; 7) телефон нөмiрi; 8) жеке басын куәландыратын құжаттың түрi (16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлiгi, жеке басының куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi) сериясы, нөмiрi, күнi, берілген жерi, кім бергенi; 9) жеке тұлғаның CTH-i; 10) өзiне тiркеу кәртiшкесi толтырылған адамның қолы; 11) кәртiшкенiң толтырылу дұрыстығын тексерген Орталық маманының қолы; 12) ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 13) ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 14) толтырылған күнi. 6. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. Ұсынылған мәлiметтерге сәйкес Орталық алушыға ӘЖК бередi, алушыға есеп кәртiшкесiн ашады және Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктi ресiмдейдi (бұдан әрi - куәлiк). 8. Қажет болған жағдайда Орталық ӘЖК беру үшiн белгiленген нысанда қажеттi мәлiметтердi нақтылау туралы сұрау салуды ресiмдей алады. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9. Орталық куәлiктi алғандығына қолын қойған азаматтарға арнаулы бланкiлердегi куәлiктердi тегiн бередi. 10. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Егер куәлiкте әлдебiр мәлiметтер күмәндi болса, онда алушының жазбаша өтiнiшi бойынша Орталық тиiстi өзгерістер енгiзедi. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Орталық есеп кәртiшкесiне куәлiктiң берiлу фактiсiне белгi жасайды, өзгерістер енгiзiлген жағдайда нақтыланған мәлiметтердi ескере отырып, куәлiктi қайта ресiмдейдi. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiкте мынадай мәлiметтер болады: 1) ӘЖК; 2) ӘЖК алу кезіндегі тегi, аты, әкесiнiң аты; 2-1) тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жеке басын куәландыратын, ұсынып отырған құжатына сәйкес тегi, аты, әкесiнiң аты; 3) туған күнi; 4) куәлiктi берген құрылымдық бөлiмшенiң атауы; 5) тiркелген күнi; 6) куәлiктiң берiлген күні. 15. Куәлiк жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы кезiнде ғана күшке ие. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 16. Куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, алушы оны қайта қалпына келтiру туралы өтiнiшпен Орталыққа немесе оның аумақтық органдарына өтiнiш жасауға құқығы бар. Орталық (оның аумақтық органдары) алушының куәлiгiн жоғалтып алғаны туралы алушының өтiнiшi бойынша, өзiне ашылған есеп кәртiшкесiнiң негiзiнде оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Бұл мәселенi шешу үшiн, Орталық алушыдан оның жеке басын куәландыратын қосымша ақпаратты және оның есеп кәртiшкесіндегі мәлiметтердi талап ете алады. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17. Куәлiк: тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген; мәлiметтердiң дәл еместiгi немесе қате екендiгi анықталған; пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа сәйкес сол бұрынғы ӘЖК нөмiрiмен екiншi қайтара берiледi. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды 17-1. Туған күнi өзгерген жағдайларда куәлiк жаңадан берiледi. 18. Тiркеу кәртiшкесiнiң негiзiнде Орталық алушыға есеп кәртiшкесiн ашады. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 19. Есеп кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады: 1) ӘЖК; 2) тiркеу кәртiшкесi бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты; 3) тегi, аты, әкесiнiң аты (олар өзгерген жағдайда); 4) жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы және берiлген күнi; 5) туған күнi; 6) туған жерi; 7) жынысы; 8) тұрақты мекен-жайы; 9) азаматтығы; 10) орталықтың және жинақтаушы зейнетақы қорларынан есептелген зейнетақы төлемдердiң сомасы; 11) алушының жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәлiметтерi (жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, атауы және банктiк реквизиттерi, жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шарттың нөмiрi және датасы, зейнетақы шотының нөмiрi, жинақтаушы зейнетақы қорынан есептелген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы); 12) зейнетақы iсiнiң нөмiрi (зейнеткер үшiн); 13) жеке шотының нөмiрi және алушының банкінің реквизиттерi (зейнеткерлер үшiн); 14) зейнетақы тағайындау, өзгерту, индекстеу және есептеу туралы мәлiметтер. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 20. Есепке алу кәртiшкесi Орталықта үш жыл бойы сақталады. 21. Есеп кәртiшкесіндегі мәлiметтер заңдарда белгiленген жағдайлардан басқа ретте жария етуге жатпайды. 22. Есеп кәртiшкесіндегі мәлiметтердi жария етуге жол берген адамдар заңдарға сәйкес жауаптылықта болады.
|