|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 41, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібінде: бүкіл мәтін бойынша «жеке басын куәландыратын құжаттың түрі», «ұсынып отырған құжатына», «жеке басын куәландыратын құжатты», «жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа», «жеке басын куәландыратын құжаттың» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе оралманның куәлігі», «немесе оралманның куәлігіне», «немесе оралманның куәлігін», «немесе оралманның куәлігіне», «немесе оралманның куәлігінің» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың 8) тармақшасындағы «(16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлігі, жеке басының куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі)» деген сөздерден кейін «немесе оралманның куәлігі» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 13 тамыздан бастап күшін жояды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |