Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы (2007.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегi № 647 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тізбесінде: реттік нөмірі 6-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары". 2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысанында: он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "өртке қарсы қадағалау органдары (аты, әкесінің аты, тегі), (лауазымы)"; мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын; «мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органдары (аты, әкесінің аты, тегі), (лауазымы)». 3. ҚР Үкіметінің 2007.30.06. № 555 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 840 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 264-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесінде: 2-тармақта: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "1) Заңмен белгіленген өздерінің бақылау өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы Индустрия сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган); 2) Заңмен белгіленген өздерінің бақылау өкілеттіктері шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;"; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) Қазақстан Республикасының аумағында республикалық маңызы бар құрылыс объектілерін инспекциялауды жүргізу жолымен сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;"; 2) тармақша алынып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 3) ведомстволық бағыныстағы аумақта жергілікті, маңызы бар құрылыс объектілерін инспекциялауды жүргізу жолымен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары."; 5 және 7-тармақтардағы "бақылау-қадағалау" деген сөздер тиісінше "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Әрбір өңір үшін республикалық маңызы бар инспекцияланатын объектілердің тізбесі мен жүйелілігін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Әрбір облыс үшін жергілікті маңызы бар инспекцияланатын объектілердің тізбесі мен жүйелілігін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімін тиісті жергілікті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы белгілейді.". 5. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде: 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "3. Жобалардың сараптамасын тиісті лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады. Бұл ретте жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген қандай да бір өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптау жұмыстары рыногының субъектілері - аккредиттелген мемлекеттік емес сараптау орталықтары және (немесе) аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады. Мемлекеттік емес сараптау орталықтарын аккредиттеуді және сарапшыларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган) жүргізеді. 4. Жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға (бұдан әрі - Мемсараптама) белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесіне енеді."; 5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Міндетті түрде сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен одан өтпеген жобалар аяқталмаған деп саналады және іске асырылмауға тиіс."; бірінші абзацтағы "жобалардың" деген сөзден кейін "жеке және заңды тұлғалар орындайтын" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік тапсырысты орындау есебінен жүргізілетін не мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жататын өзге жобалар бойынша сараптау жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Мемсараптама белгілейді."; 3-бөлімнің атауындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын; 2) тармақшада: "тұрақтылығы бойынша" деген сөздерден кейін "әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кіруін қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: "Үйлер мен ғимараттарды техникалық жағынан күрделі не күрделі емес құрылыс объектілерінің санатына жатқызу осы Ережеге қосымшаның 5-тармағында көзделген жалпы тәртіппен айқындалады. Құрылыс тапсырысшының өз қаражаты (тартылған қаражаты, шетелдік инвесторлардың қаражатын қоса алғанда) есебінен жүзеге асырылатын объектілер бойынша, ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі объектілерді қоспағанда, алдын ала жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізу туралы шешімді тапсырысшы (инвестор) қабылдайды."; 17-тармақтың бірінші абзацындағы "Құрылыс істері жөніндегі комитет" деген сөздер "сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "18. Жобаларға сараптама жүргізетін (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар беріледі:"; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) белгіленген тәртіппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту."; 24 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "24. Жобаларға сараптама жүргізетін жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілетті, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның сараптаманың кәсіптік қызметіне араласуға құқығы жоқ."; "27. Жобаларға сараптама жүргізетін жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті."; Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесінде қолданылатын ұғымдарда: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Құрылыстың ықтимал қауіпті объектілері - функционалдық мақсаты, технологиялық өндірістік процесстері, пайдалану сипаттамасы бойынша адамның денсаулығы мен өміріне зиян, орны толмас залал келтіре отырып, техногендік және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп туғызатын объектілер"; 5-тармақта: бірінші абзацтағы "І және II деңгейге" деген сөздер "бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) деңгейге" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жауапкершілігі үшінші (төмен) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлік желілерді қоса алғанда) жатпайды, оның ішінде:". 6. «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 45, 449-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесінде: 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағында осы қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ азаматтарды қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Ереже жеке және заңды тұлғаларға бөлек (жеке) меншік құқығына тиесілі тұрғын ғимараттардағы (үйлердегі, жатақханалардағы) жекелеген тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ екі немесе одан да көп меншік иелерінің жалпы мүлкі болып табылатын өзге де ғимараттардың бөліктерін қайта жоспарлауға (қайта жаңғыртуға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсімдерін өткізу кезінде де міндетті болып табылады. 3. Ереже олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдайтын жаңа объектілерді салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге байланысты рұқсат беру рәсімдеріне қолданылмайды."; 4-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "осы Ереженің 27-тармағында белгіленген тәртіппен берілетін жер телімінде (құрылыс алаңында, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгіленген нақты объект (кешен) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) арналған рұқсатты. Осы Ереженің 5-бөлімінде көзделген жағдайларда, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсатты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы береді."; 7-тармақтың бірінші абзацындағы "(тиісті елді мекеннің әкімі немесе әкімдігі)" деген сөздер алынып тасталсын; мемлекеттік тілдегі мәтінінде 9-тармақтағы, 16-тармақтың бірінші абзацындағы, 20-тармақтың екінші абзацындағы, 24, 26, 33-тармақтардағы, 36-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацындағы, 37 және 39-тармақтардағы "жергілікті" деген сөзден кейін "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен толықтырылып, "қызметтері", "қызметтерімен", "қызметтеріне" деген сөздер алынып тасталсын; 10-тармақтың екінші абзацындағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп)" деген сөздер алынып тасталып, "таңдауды", "жүзеге асырады" деген сөздер "таңдау", "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын; 20-тармақтың бірінші абзацындағы "еместігі" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "27. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беруді (рұқсат беруден дәлелді бас тартуды) және өтпелі құрылыс бойынша олардың мерзімін ұзартуды: 1) республикалық маңызы бар құрылыс объектілерінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган; 2) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілерінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүргізеді."; 28-тармақтағы "жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері)" деген сөздер "ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 29-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Егер жобаланатын объекті (кешен) үшін осы объектінің (кешеннің) функционалдық мақсатының ерекшелігіне байланысты мемлекеттік нормативтермен, сәулет-жоспарлау тапсырмасымен немесе жобалауға арналған тапсырмамен қосымша (жоғары, арнайы) өртке қарсы, санитарлық немесе экологиялық талаптар белгіленген болса, рұқсат алуға арналған өтінішке тиісті қадағалау органдарының (қызметтерінің) қорытындылары қоса беріледі."; 32-тармақтың бірінші абзацында: "органдарына (қызметтеріне)" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; "объектінің" деген сөздің алдынан "тиісті сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін" деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "34. Мынадай жағдайларда жұмыс істеп тұрған тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды (оның жекелеген бөліктерін) өзгертуге рұқсат беруден, сондай-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмасын және (немесе) бастапқы материалдар (деректерді) беруден дәлелді бас тартуға негіз болып табылады:"; 1) тармақшадағы "болмаған кезде" деген сөздер "болмаса" деген сөзбен ауыстырылсын; 43-тармақтағы "сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерінің)" деген сөздер "ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
|