Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және босату жөніндегі ережені бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.16.11. № 711 Бұйрығымен күші жойылды
«Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 6-бабы 14) тармақшасына сәйкес рецептілерді жазып беруді және рецептімен берілуі тиіс дәрілік заттарды босатуды реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша босату жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы Ережені басшылыққа алсын және орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша босату жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 38 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 14 ақпанда № 3440 тіркелген, 2005 жылғы 27 қазандағы № 197-198 (931-932) Юридическая газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|