|
|
|
2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған
2008 жылғы 21 қарашадағы № 91-IV ҚР Заңымен ратификацияланды 2009 жылғы 25 маусымда күшіне енді
Төмендегілер туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер осы Хаттаманы жасасты:
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін: Келісім 11-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Директорды Кеңестің ұсынымы бойынша ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесі тағайындайды. Директор орынбасарларын аталған лауазымдар бекітіліп берілген Тараптардың ұсынысы бойынша Кеңес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.»; Келісімнің 21-бабы мынадай редакцияда жазылсын: «ӨТҚҚ-тың ресми және жұмыс тілдері болып орыс және қытай тілдері табылады.».
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында қарастырылған тәртіппен күшіне енеді. Осы Хаттама оған қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
2007 жылғы 16 тамызда Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқалық данада жасалған, екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |