2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)
Осы редакция 2008 жылғы 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 231-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1659100 мың теңге (бір миллиард алты жүз елу тоғыз миллион бір жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21-24-баптары; «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 , 11, 17, 37, 55, 57, 58, 59-баптары; «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; «Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 872 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ғылыми зерттеу ұйымдарын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; лицензиялар беру және білім беру, ғылым ұйымдарының біліктілік талаптарын сақтауын бақылау; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімі, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру; балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Білім беру және балаларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың қалыптасуын қамтамасыз ету; 30 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 50 адамды мемлекеттік тілге оқыту, 40 адамды ағылшын тіліне оқыту; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау жөнінде конкурстық құжаттамаларды сараптамадан өткізу жөніндегі жұмыстар - 1000 пакет құжаттар. Соңғы нәтиже: Халықаралық стандарттарды енгізуді есепке ала отырып білім жүйесін жетілдіру. Қаржылық-экономикалық нәтиже: Бір қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығындар - 19,48 мың теңге, мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығындар - 53,0 мың теңге, ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығындар - 29,51 мың теңге. Бір аттестаттық істі қарауға орташа шығыстар - 23,65 мың теңге; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын беру бойынша 1 пакет құжаттамалардың сараптамалары - 3,7 мың теңгеге дейін. Уақыттылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес министрлік аппаратын ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру - 100 %. Сапасы: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мәртебесін көтеру. Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай келетіндей арттыру. Мемлекеттік тілді үйрету курсынан өткен мемлекеттік қызметшілердің 70% іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілетін болады, 2% - ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 232-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтау» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6970 мың теңге (алты миллион тоғыз жүз жетпіс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 31-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: академик Қ.И.Сәтпаевтың мұраларын сақтау, мұражай қорлары мен мұрағаттарда жатқан көрнекті ғалым, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтпаевтың өмірі мен қызметі туралы ілім-білімді білімдік-тәрбиелікпен және мақсаткерлікпен таратуды жүзеге асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мұражайға келген азаматтардың орташа жылдық саны кем дегенде 7270 адам; мұражайдың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі жабдықтарды сатып алу: желдеткіштер - 2 дана; компьютер - 1 дана. Соңғы нәтиже: жұртшылықты Қазақстан Республикасындағы ғылым мен техниканың дамуының тарихи көріністерімен таныстыру Өскелең ұрпақтың ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың қызметіне және тұтас алғанда Қазақстан ғылымына деген танымдық қызығушылығын дамыту; ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың өмірін, ғылыми және қоғамдық қызметін насихаттау арқылы өз өмірін Қазақстанның ғылымы мен техникасын дамытуға арнағысы келетін жастардың санын көбейту, олардың Отанға деген патриоттығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейту. Қаржы-экономикалық нәтиже: - экспонаттардың саны - 720 дана бір экспонаттың сақталуын қамтамасыз етудің орташа шығыны - 9062,5 теңге. Уақтылығы: Көзделген кесте бойынша жоспарланған іс-шаралар өткізу. Сапасы: республика халқының мәдени деңгейін көтеру және мұражай колекциясы базасында Ғылым академиясының бірінші Президенті Қ.Сәтпаевтың қызметімен жұртшылықты таныстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 233-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Инновациялық жүйенің желілерін дамыту» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 716613 мың теңге (жеті жүз он алты миллион алты жүз он үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Инновациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; «2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғылымды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығы; «ҚР инновациялық жүйені құру және дамыту бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы аясында елдің тұрақты экономикалық дамуы, экономиканың әр тараптандырылуы және өмір сүру деңгейін көтеру үшін ғылыми-техникалық қызметін қорға айналдыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстандық ғылымның сапалы параметрлерін елдің экономикасы үшін әлемдік санат деңгейіне шығару және елдің тұрақты экономикалық дамуы, экономиканың диверисификациялануы мен Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында ғылымның қор болуы үшін, оның нақты секторлармен байланысын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: жобаға жұмылдырылған алдыңғы қатарлы технологиялар тобынан 100 ғалымға жылына 15 жарияланым. Соңғы нәтижелер: жобаға жұмылдырылған алдыңғы қатарлы технологиялар тобынан 100 ғалымға жылына 3 патент. Қаржылық-экономикалық тиімділігі: жоба бойынша Қазақстан Республикасы ІЖӨ 2007-2011 ж.ж. кезеңіне экономикалық шығын көрсеткіші небәрі 0,013% құрайды. Уақытылығы: кестеге сәйкес жоспарланған іс-шараларды өткізу. Сапасы: қазақстандық ғалымдар мен халықаралық технологиялар нарығы арасында байланыстың даму деңгейін көтеру, Қазақстандық және шетелдік фирмалар үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басымдылығын орындауда ұлттық ғылыми әлеуетті тарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 234-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Ғылыми объектілерді салу және реконструкциялау» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1037070 мың теңге (бір миллиард отыз жеті миллион жетпіс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғылыми мүмкіндіктерін дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ғылыми объектілерді салу және қайта жаңғырту жолымен қайталанбас ғылыми-техникалық объектілерді сақтау және мемлекеттік ғылыми инфрақұрылымын дамыту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: объектілерді қайта жаңғырту бойынша жұмыстар көлемін атқару. Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының ғылыми мүмкіндіктерін жоғарылату және отандық, шетелдік кітапханалық қорға қызмет көрсету және сақтау жағдайын жақсарту үшін орталық ғылыми кітапхананы қайта жаңғырту. Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару. Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 235-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 434170 мың теңге (төрт жүз отыз төрт миллион бір жүз жетпіс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 19, 24, 31-баптары; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4 , 5 ,26-баптары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан ғылыми қауымдастығының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту; ақпараттық қызмет көрсетулердің жаңа деңгейін ұсыну; практикалық қызметке ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін практикалық енгізуге ықпал ету; ғалымдардың жетістіктерінің ақпараттық қызмет жүйесін нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикадағы ғылыми қоғамдардың білім беру қажеттіліктері мен әлемдік және отандық ғылым жетістіктерін насихаттау үшін ақпараттық кеңістікке қолжетімділігін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғалымдар мен мамандарды әлемдік және отандық ғылым мен техниканың жетістіктері туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету; кітапхана қызметін пайдаланған азаматтардың орташа жылдық саны кем дегенде 180 285 адам; кітапхана қорының жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толығуы кем дегенде 140 500 дана, оның ішінде Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханаға 2500 дана, орталық ғылыми кітапханаға 87000 дана, Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға 51000 дана. Ғалымдар үйімен 118 іс-шара өткізу. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының негізгі құралдарды сатып алу: жеңіл көлік, компьютерлер техникасы - 5 комплект, кем дегенде 32 кітап сөрелері. Орталық ғылыми кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі құралдарды сатып алу кем дегенде: сервер - 1 дана, сканерлер - 3 дана, ламинатор - 1 дана; Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға кем дегенде: сервер - 1 дана, кеңселік сканерлер - 4 дана, факсимильдік құрылғы - 1 дана. Соңғы нәтиже: - оқырмандар сұраныстарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдар мен мамандардың өздерін қызықтыратын ғылым салаларының әлемдік ғылыми жетістіктері туралы көкейкесті әрі жедел ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыру; электрондық кітапхананың үлгісі мен қорын құру және толықтыру; Жиынды ақпараттық ресурстарды толықтыру, сондай-ақ кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру. Қаржы-экономикалық нәтиже: - насихаттау жөніндегі бір іс-шараны өткізу құны - 53,1 мың теңге; - бір оқырман шығынының құны - 2248,8 теңге. Сапасы: Ғалымдардың, оқытушылардың, оқитындардың рухани, зияткерлік білімге деген қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 236-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар» деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 71031 мың теңге (жетпіс бір миллион отыз бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 290 қаулысы; «Ғылым мен техниканы дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талантты жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 тамыздағы № 1063 қаулысы; «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 1) әлеуетті сақтау және ғылыми қызметтер саласына жастардың келуін қамтамасыз ету; 2) жыл бойындағы неғұрлым маңызды ғылыми нәтижелерді анықтау және бағалау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: отандық ғылым мен техниканың дамуына үлкен үлес қосқан жас дарынды ғалымдарды әлеуметтік қолдау; ғылыми-техникалық қызметті материалдық ынталандыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
|