|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 630-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-тармақта «2008 жылғы 1 шілдеден бастап» деген сөздер «2009 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарында: «Тарифтің шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)» бағанында «2007» және «2008» деген сандар тиісінше «2008» және «2009» деген сандармен ауыстырылсын; «Өзгеруі» бағанында «2008/2007» деген сандар «2009/2008» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |