|
|
|
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы (2008.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 Қаулысымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі; 2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысының (Қазақстан Республикасыны ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 407-құжат); 2) «Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысының; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 28 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1001 қаулысының күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2008.30.06 № 645 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысымен бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі
Ескертпе: Тіркелген жергілікті телефон байланысының қызметтерін байланыс операторлары телефон қосылыстары қызметтерінің уақытпен есептеу төлем жүйесін қолдана отырып немесе онсыз көрсетуі мүмкін. * аралас (жеке/ұжымдық) қол жетімділік - телекоммуникация қызметтеріне жеке қол жетімділіктің артықшылығы. ** жеке қол жеткізу жеке абонентке негізгі не қосарланған телефон аппаратын орнату арқылы іске асырылады. *** телекоммуникацияның қызметтеріне ұжымдық қол жеткізу мынадай жолмен іске асырылады: әмбебап таксофондарды қоса алғанда, (дауыстау телефоны қызметтерінің барлық түрлерін жүзеге асыру мүмкіндігі бар), таксофондар орнату; факсимильді аппарат немесе модемді қосу мүмкіндігі бар, деректер тарату қызметтерінің және Интернет желісіне қол жеткізудің тіркелген қосылымдары арқылы дауыстау телефоны қызметтерінің барлық түрін ұсынатын телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізу орталықтарын (сөйлесу пункттерін) ұйымдастыру; **** дауыстау телефоны қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: жергілікті қосу қызметтері; ішкі аймақтық қосу қызметтері; қалааралық қосу қызметтері; басқа операторлардың желілеріне қосу қызметтері.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысымен бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау Жоспары
ҚР Үкіметінің 2008.30.06 № 645 Қаулысымен жоспар өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |